Тушь қолданудағы 5 қателік

Тушь қолданудағы 5 қателік

Айқын және еліктіргіш көзқарас – бұл, бірінші кезекте, мінсіз боялған кірпіктер. Көзіңізді әдемілеп бояу үшін тушьты дұрыс пайдалана алуыңыз керек. Ол үшін қателіктерге жол бермеген дұрыс.

Қабаттастырып бояу. Кірпіктерді тушьпен қабаттастырып бояған сайын макияж сырт көзге ұқыпсыз көрінетін болады. Бояу біраз уақыттан кейін көздің астын қарайтып, ағып кетеді немесе үгітіледі. Тушьтың сүрмесімен кірпіктеріңізді екі қабаттап боясаңыз жеткілікті.

Түтікті қатты ашып-жабу. Түтікті қатты ашып-жапқаннан түтікке ауа кіріп кетуін қамтамасыз етесіз. Бұдан тушь тез кеуіп қалады, ал кірпіктеріңізде түйіршіктер пайда болады. Сондықтан, түтікті жапқанда, жаққышты ақырындап бұраңыз.

Ұзақ уақыт пайдалану. Егер тушьты қанша уақыт қолданып жүргеніңіз есіңізде жоқ болса, онда оның пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Мұндай тушь көзді ашытып, қабынуға әкеп соғуы мүмкін. Тушьты 3 айдан артық пайдаланбауға тырысыңыз.

Кірпік түбірін боямау. Егер сіз кірпіктеріңіздің ұшын ғана бояп қойсаңыз, сырт көзге кірпіктеріңіз қысқа болып көрінеді. Көзқарасыңызға айқындық беру үшін кірпіктерді түбірінен бояңыз.

Асығыстық. Жаққышпен кірпіктерді шұғыл сілтей салу көз макияжыңызды ұқыпсыз етіп көрсетеді. Мұндай жағдайда бояу қабағыңызға да жағылып қалуы мүмкін. Тушьты асықпай, мұқият жаққан абзал.

Сурет: www.womenlives.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina