Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.

2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.

3. Бұрыш қысқышпен қастың астындағы және үстіндегі қылшықтарды жұлыңыз.

4. Үшкір қысқыштың көмегімен майда қылшықтарды теріңіз.

5. Қастың басталатын жерін анықтау үшін қолыңызға қарындаш алып, мұрын шетіндегі нүкте мен көздің ішкі бұрышын байланыстырыңыз.

6. Содан кейін мұрын шетіндегі нүкте мен көздің сыртқы мөлдір қабығының шекарасын байланыстырыңыз. Қарындаштың қаспен қиылысатын жері ең биік нүкте болуы тиіс.

7. Қастың қай жерде аяқталатынын білу үшін қарындашты мұрынның шетіндегі нүктеге қойып, көздің сыртқы бұрышынан қасқа қарай бағыттаңыз. Қастың сызығы осы нүктеден аспауы керек.

8. Қасты айқындау үшін қоңыр түсті көз бояуын пайдаланыңыз.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Тақырып бойынша:

Қас жұлу

Қас жұлудың сырлары

Қасты дұрыс пішіндеу жолы

A. Mustafina