Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Еңлікті қалай таңдау керек?

Еңлікті қалай таңдау керек?

Еңлікті қалай таңдау керек?

Еңлік – бет пішінінің әсемдігін көрсетіп, оғаш жерлерін түзеу құралы. Қазіргі таңда дүкендерде еңліктердің түр-түрі көз жауын алады. Түстері мен текстурасының көптігінен сізге қайсысы жарасатынын білмейсіз бе? 

Опа еңлік

Ең оңай жағылып, түсі дұрыс жататын еңліктің түрі – опа еңлік. Бұндай түрлі опаны теріңіздің түріне (құрғақ, майлы) қарамай таңдай берсеңіз болады. Алайда бұндай еңлік майлы терілі аруларға жарасады. Себебі ол бетке дұрыс жағылып, теріңіздегі майлы жылтырды жасырады. Опа еңлікті кәдімгі опаның үстінен жағып, табиғи теріге қол жеткізіңіз.

Крем еңлік

Крем еңліктер терісі құрғақ аруларға арнайы жасалған. Оның құрамында ерекше арнайы ылғалдандырғыш майлар топтамасы бар. Еңліктің бұндай түрін саусақтың көмегімен бетке жағады. Және де крем еңліктерді көбінесе кешкі макияж үшін қолданады екен. Крем еңліктердің тағы да бір ерекшелігі: оны опа жаққанға дейін жағады.

Гель немесе сұйық еңлік

Гель немесе сұйық еңліктер қалыпты және майлы теріге ерекше жағымды. Бұндай еңліктердің түрлері теріде бәрінен де ұзақ сақталып, тіпті суға да шыдамды екен. Гель немесе сұйық еңліктердің құрамында майлар болмайды, сондықтан оларды теріге жаққанда, жастық бен балғындық әсеріне қол жеткізе алады екенсіз. Бұндай еңліктердің бір кемшілігі – жағылуының қиындығында: сұйық және гель еңліктер тез кеуіп қалады. Тері жұмсақтық пен тазалық әсерін жоғалтпас үшін, гель не сұйық еңліктерді таза теріге жағу керек.

Еңлікті қалай дұрыс жағу керек?

Біріншіден, бетіңіздің пішініне назар аударыңыз. Ол төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрышты, не сопақ болуы мүмкін. Ол үшін айнаның алдына тұрып, бетіңіздің кескінін косметикалық қарындашпен (мысалға, көз бояйтын) сызып шығыңыз. Пайда болған пішін қандай танымал геометриялық фигураға жататынын қараңыз.

Сонымен, егер сіздің бет пішініңіз:

 

Сопақ болса, еңлікті бетіңіздің құлаққа жақын арғы жағынан шаш өсе бастаған жерге дейін көлденең жағыңыз. Осылайша жағыңыз кең көрініп, бетіңіз дөңгелектеніп қалады.
Дөңгелек болса, еңлікті жақ сүйектің астынан бастап, самайыңызға дейін жағыңыз. Бұл үшін жалпақ жаққыш қолданғаныңыз жөн болады.
Төртбұрыш болса, сәл жымиып, еңлікті бетіңіздің ең шығыңқы жеріне жағыңыз. Осылайша төртбұрыш пішінді беттің үшкір бұрыштарын жұмсартасыз.
Үшбұрыш болса, сізге үшкір иекті жасыруға тура келеді. Ол үшін еңлікті беттің дөңгелек бөлігінің астына жағып, диагональ бойынша жоғары бағыттаңыз.

Еңліктің түсіне келетін болсақ, ақшыл қыздарға сары-қоңыр және алқызыл түстер, ал қара торы аруларға алхоры, каштан және қола түстес еңліктердің реңктері жарасады.

Еңлік қолданған кезде, шамадан тыс қолданбаңыз. Есіңізде болсын, еңлік тек сіздің табиғи бетіңіздің қызылдығын одан әрі көркемді етіп көрсетіп, бетіңіздің пішінін дұрыстау керек.

Суреттер: forum.exler.ru, cosmo.com.ua, uaru.strawberrynet.com, beauty-women.ru.

855 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 сәуір 2012, 19:13
Пікірлер
+0
25 сәуір 2012, 23:23

Еңлік деген не деп отырсам..Пайдалы кеңестер екен

+0
26 сәуір 2012, 10:19

Мен тіптен жаға алмаймын :oops:

+0
26 сәуір 2012, 10:58

Мен жағып та көремеппін! Бірақ әдемі көрінеді!

+0
26 сәуір 2012, 12:26

Еңлікті қолданғаныма көп болмады. Шынымен әдіме көрінеді

+0
05 мамыр 2012, 17:16

Мен тіптен боянбаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...