Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Косметика құрамындағы ерекше заттар

Косметика құрамындағы ерекше заттар

Косметика құрамындағы ерекше заттар

Косметикалық компаниялардың мамандары теріні күту құралдарын дамыту жолында жаңа құрамдас бөліктерді іздеуде. Сіздің косметикаңыздан қызықты, ерекше, тіпті жиіркенішті заттар табылуы мүмкін. 

Терінің кемшіліктерін кетіретін және оған зиян болмайтындай затты табу оңай шаруалардан емес. Әрине құрамдас бөліктердің табиғи болғаны дұрыс. Үйреншікті өсімдік майлары мен экстрактарынан, химиялық қосылыстардан басқа заманауи косметикаға ерекше заттар да кіре алады.

Ұлудың шырышы

Ұлудың шырышы өзінің биохимиялық құрамына байланысты косметологияда ерекше, қайталанбас саналатындығын атап кеткенбіз. Ондағы аллантоин атты зат күйген жерлер мен жараларды таңғажайып тез емдейді. Гликоль қышқылы теріні терең және жұмсақ тазартады, ал коллаген мен эластин әжімдермен күресудегі басты құрал екенін білесіз. Ұлудың шырышы негізінде жасалған кремдер ұзақ жылдар бойы кетпеген жара, тыртықтарды тез кетіретіні рас. Әрине құрамында ұлудың шырышы бар екендігі жайлы ойласаңыз, мұндай кремді бетке жаққыңыз келмейді. Бірақ шырышты кремге қоспай тұрып, мұқият өңдейтінін білгеніңіз жөн.

Қара уылдырық

Нағыз мерекелік, бай дастарханда тұру керек қара уылдырық әлем бойынша ең қымбат тағамдардың қатарына кіреді. Табиғатынан ерекше дәмді тағам сонымен қатар А, D, E, F дәрумендеріне бай. Соның арқасында ол терінің қорғаныс қабатын берік қылып, терінің қартаюын бірнеше жылға шегере алады. Биологиялық белсенді заттарға толы уылдырық теріні коллагенге байытып отырады, нәтижесінде әжімдер сізді ұзақ уақыт мазаламайды.

Теңіз аскөгі


Теңіз аскөгі (укроп) косметикалық мақсатта өзін жақсы жағынан танытты. Ол ерекше ылғалдандырғыш қасиетке ие. Теңіз аскөгі балдырындағы белсенді заттар терідегі керамид атты заттың синтезін жақсартады, нәтижесінде тері жақсы ылғалданады. Сондай-ақ бұл балдырды артық салмақпен күресетін косметикалық заттарға да қосады. Ал цитрусты иісі үшін оны парфюмериялық салада да қолданады екен.

Купуасу майы


Амазония ормандарында экзотикалық купуасу жемісі өседі. Оның майы ультракүлгін сәулелердің жасан әсерімен күресе алатын табиғи зат болғандықтан, жеміс өте қымбат. Құрамындағы фитостеролдар мен май қышқылдары теріні бір сәтте ылғалдандырады. Сондай-ақ купуасу әлем бойынша адам ағзасын қауіпті бос радикалдардан қорғайтын табиғи зат болып саналады.

Цеолит 


Цеолит – жанартаудан алынатын минерал. Цеолит ұнтақ ретінде жасалатын косметикалық құралдарға, мысалы опаға қосады. Бұл ерекше минерал өзіне зиянды заттарды жинап, олардың теріге өтуіне жол бермейді. Сол себепті цеолит қосылған косметика терісінің кемшіліктері (безеу, ұшық) бар қыздар үшін өте қажет. Цеолит қазірде минералды косметика саласында кең қолданысқа ие.

Енді сіздің косметикаңызда ұлу шырышы, минералды тас, экзотикалық жеміс, теңіз балдыры және қара уылдырық болатынын елестетіп көріңізші?

Тақырып бойынша:

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ukusi.com, kataloglina.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 қаңтар 2014, 14:36
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2014, 14:47

бетте безеудің шұңқыр болып қалып қойған орнын қалай кетіруге болады екен :(

+0
22 қаңтар 2014, 15:21

комплексті түрде жақсы күтім қажет

+0
22 қаңтар 2014, 17:08

сол ұлудың шырышы бар крем жақсаңыз тегістеліп кетер?

+0
22 қаңтар 2014, 17:32

Ұлуууууу құрсын жиеркенем, өзім ұлу жылы болсам да

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.