Спортсыз арықтауға бола ма?

Спортсыз арықтауға бола ма?

Қыздардың көбісі арықтау үшін басты талап – тамақтануды шектеу деп санайды. Диетамен расында әжептеуір салмақ тастауға болады. Бірақ оның ағзаға тигізер әсері қандай болмақ?

Спротсыз арықтау терінің салбырауына, бұлшық еттердің кемуіне, шаршағандық пен әлсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Физикалық белсенділіксіз арықтайтын арулар спорт залына баратын қыздарға қарағанда тамақтану рационы әжептеуір кем болады. Жаттығулар барысында көп калориядан арылуға болады, сол себепті көбірек тамақтануға да рұқсат. Ал тек диета ұстанатын аурулар өте қатал шараларға баратынына дайын болуы керек.

Бұл қиындық өз кезегінде спортсыз арықтайтын қыздарды келесі мәселеге әкеледі. Калориялығы аз тағамдармен тамақтану адам ағзасындағы зат алмасу процесін баяулатады. Ал физикалық жаттығуларды қалт жібермейтін қыздардың ағзасында мұндай қиындық байқалмайды.

Басты кемшіліктердің бірі терінің иілгіштік қасиетінің кемуі. Ал белсенді жаттығулар кезінде тері маңындағы қан тамырларында айналым жақсарып, тері жаттығып, иілгіштік қасиеті артады. Жастайынан спортпен айналысқан қыздар болашақта тері әжімдерінен сақтанады.

Сонымен қатар тек диетаға сүйеніп дененің кейбір бөліктерін арықтату қиынға соғуы мүмкін. Біреу үшін басты қиындық толған бет болса, басқалары қарыннан арыла алмайды. Ал белгілі бір жерге арналған жаттығулар топтамасы бұл мәселемен күресе алады.

Әрине спортсыз азудың ең басты кемшілігі – бұлай салмақ тастасаңыз да, жарнамадағы сұлулар сияқты "пішінді" бола алмайсыз.

Бұлшық еттерді жаттықтыру мен дұрыс тамақтануды қатар қолға алсаңыз, қатал диеталарсыз-ақ армандағы келбетке қол жеткізе аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kasjauns.lv

С. А