Көңілді жүріп арықтаудың "суық" тәсілдері

Көңілді жүріп арықтаудың "суық" тәсілдері

Қыс – бала кезімізде ең көңілді, қызықты мезгіл болушы еді. Сырғанақта шана тебу, қар атысуды қазір де еске алып, аз уақытта-ақ артық салмақтан арыла аласыз.

Айналдырған жарты сағат, бір сағат ішінде осы қысқы ойын түрлерінің арқасында 200 калориядан арылуға болады екен.

Аққала салу (44 минут)

Соңғы рет аққаланы мектеп кезінде салып па едіңіз? Бала кездерді еске алып, достарыңызбен, сүйіктіңізбен аққала салуға шығыңыз. Осыған бір сағаттан кем уақыт құртсаңыз, көңілді де көтеріп, ауыр физикалық жаттығу топтамасын жасағандай боласыз.

Жүзу (18 мин)

Спорттың дәл осы түрі калория кетіру жағынан алда тұр. Оған қоса жүзу басқа спорт түрлеріне қарағанда тез шаршатпайды, бір жеріңізді ұрып, соғып алу мүмкіндігі де төмен. Аква-фитнес дене бұлшық еттерінің барлығын жаттықтырып, азуға үлкен септігін тигізеді. Ал қыста жүзетін адамның иммунитеті жаттығады.

Коньки тебу (26 минут)

Қысқы спорт түрлерінің арасында қолжетімді, қызық түрі. Жарты сағат бойы тайғанақ мұзда тұрып, сырғанау нәтижесінде әжептеуір салмақ тастауға болады.

Шопинг (36 минут)

Мереке алдында дүкендер аралап жүгіру әр ару үшін жанға жақын шаруа. Ал ол калория кетіруге көмектесетінін есепке алсақ, дүкенге неге бармасқа? Бірақ есіңізде бослын, шопинг калориямен қатар, әжептеуір қаражатты да жоқ қылады.

Боулинг ойнау (60 минут)

Қызықты ойынға достарыңызбен жиналып барыңыз. Физикалық белсенділікті талап ететін бұл ойын бір кеште 200 калориядан құтқарады.

Шанамен сырғанау (26 минут)

Шанамен сырғанау аяқ, балтыр бұлшық еттерін керемет жаттықтырады. Бала шақтың осы ойынын еске алып, қыстың бірнеше демалыс күнін сырғанауға арнаңыз.

Қар атысу (38 минут)

Көңілді көтеру мен калорий кетірудің тағы да бір оңай әрі қызықты жолы. Қар атысқанда ең белсенді болып, бәрін "шомылдырған" адам денсаулағына көбірек пайда тигізеді.

Шаңғы тебу (30 минут)

Таулы аймақта кең таралған белсенді спорт түрі. Әрине шаңғы тебу қолжетімді спорттардың қатарын құрамайды, ол үшін тауға барып, арнайы экипировкаңыз болуы керек. Алайда шаңғы тебуді хоббиге айналдырған арулар қыста артық салмақтан еш зардап шекпейді.

Көріп тұрғандай салмақ тастау үшін ауыр диеталар ғана емес, қарапайым ойын түрлері де пайдалы екен. Оған салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қоссаңыз, артық салмаққа қош деп айтуға әбден болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:  cosmo.com.ua

С. А