Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Маникюрді үйде дұрыс жасау

Маникюрді үйде дұрыс жасау

Маникюрді үйде дұрыс жасау

Бір қарағанда, үйде маникюр жасау қиын емес. Бірақ бұл істің әркім біле бермейтін кішкентай құпиялары бар. Солармен танысайық.  

Алдымен, сұлулық салонында сізге маникюрді қалай жасағанын есіңізге түсіріп, дәл сол тәртіпте қайталауға тырысыңыз.

Тырнақты әзірлеу. Қолыңызды сабындап жуып, тырнағыңызға құнарлы кішкентай ванна дайындаңыз. Мысалы: жылы суға лимон шырынын қосып, өзіңізге иісі ұнайтын кез келген эфир майының бірнеше тамшысын тамызыңыз. Зәйтүн майы да жарайды немесе денеге арналған лосьонды қолданыңыз. Саусақтарыңызды осындай ваннаға 10-15 минут салып отыру қажет.

Қолыңызды құрғатып сүртіңіз. Сулы тырнақты егеуге болмайды. Ал тырнақты қайшымен қию қажет болса, керісінше, құрғатпай тұрып қиып алыңыз.        

Дұрыс егеу қажет. Темір егеуден бас тартқаныңыз дұрыс. Орнына замануи түрлерін – шыны, пластикалық не картон егеуді қолданыңыз. Бір бағытта егеу қажет.
Тырнақ айналасындағы теріні (кутикула) алу. Кәсіби мамандар оны кесіп тастайды. Ал үй жағдайында саусағыңызды жарақаттап алмай, артық теріні кесу үшін біршама дағды қажет. Сақтық үшін, саусақтарыңызды тағы да ваннаға малыңыз. Одан кейін кутикула жібиді, сосын оны арнайы ағаш таяқшамен оңай итеруге болады.   

Егер кутикуланы жібітуге арналған май сатып алсаңыз, оны 5-10 минутқа жағып қою қажет.

Енді қолыңызға бадам майын жағып, бірнеше минут уқалаңыз. Одан кейін қолға арналған крем жағуды ұмытпаңыз. Уқалау кезінде тырнақ айналасындағы теріні тырнақ түбіне қарай итеріп отырсаңыз, артық болмайды. Крем 10 минут ішінде сіңеді.

Ары қарай лак жаққыңыз келсе, тырнақты майсыздандыру үшін лакты сүртетін сұйықтықпен сүртіңіз.      

Лак жағу. Қыз-келіншектер үй жағдайында көбіне лак астына жағылатын негізге немқұрайлы қарайды. Ал мамандар лактың түзу жағылып, ұзақ сақталуы үшін бұл өте маңызды деп есептейді.  

Шынашақтан бастаймыз. Лактың екі қабатын жағу қажет. Әр жағылған қабаттың бірнеше минут кебуін күткен абзал.

Сонымен қатар, әр қабатты 3 қимыл арқылы жаққан дұрыс: бірінші тырнақ ортасынан, сосын екі жағынан. Жаққышты әр саусақ сайын лак шишасына малып отырамыз. Лактың беріктігі үшін, үстінен арнайы бекіткіш лак жағуға болады.    

Маникюр дайын. Негізі, лактың өз бетімен кепкені дұрыс. Дегенмен, асыққан кезде оны тездету тәсілдері бар. Қолыңызды салқын судың ағыны астына 5-10 минут ұстай тұрып, өз шаруаларыңызға кірісе беруіңізге болады.

Және бірнеше кеңеске құлақ түріңіз:

∙ қолыңызды жарты лимонмен сүртсеңіз, тырнағыңыз қатайып, теріңіз ағара түседі;
∙ тырнақ аптасына екі күн лактан демалу қажет; 

∙ үй шаруасымен айналысқанда, не бақта жұмыс жасағанда, резеңке қолғап киюді ұмытпаңыз.  

Сурет: forum.la-fiancee.ru

18966 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 13 сәуір 2012, 19:20
Пікірлер
+0
14 сәуір 2012, 21:25

тырнақтың айналасындағы кутикула жағдайы қиындау енді..

+0
14 сәуір 2012, 23:48

жалпы мен үнемі өзім жасаймын))) жаман шыққан емес, тырнақтарыма ерекше күтім жасаймын ;)

+0
16 сәуір 2012, 10:29

мен сол қолмен жасай алмаймын :x

+0
16 сәуір 2012, 12:02

Мен соңғы 2 айда жасанды тырнақ жасатып жүрмын. Өзімнің тырнақтарым сына береді.

+0
16 сәуір 2012, 12:33

Мен емдей аламын!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев