Жарқын түсті далап таңдасаңыз...

Жарқын түсті далап таңдасаңыз...

Жарқын түсті далап – арулардың сиқырлы сұлулық құралы. Өзіңізге назар аударудың, көпшіліктің арасынан ерекшеленудің жолын іздесеңіз, жарқын түсті далапты қолданып көріңіз. Ал оған батылдығыңыз жетпей жатса, біздің кеңестерімізбен танысыңыз.

Суық күз-қыс маусымдарында жарқын, қанық түстер ашық түстердің алдын орап, орнын басты. Әсіресе ерінге арналған бояулар арасында қанық қызыл, фуксия, бургунди түстері сәнде. Ал батыл қыздар күлгін, қоңыр, қызыл-қоңыр сияқты күңгірт түстерінің арасынан таңдай алады.

Қанық түсті далапты жағу басқа бояу жағудан еш қиын емес. Алайда бұл шаруада кейбір сырлар мен сиқырлар бар.

Сонымен, жағылған далап тым артық кетпей, орынды көрінсін десеңіз, мына кеңестерді біле жүріңіздер:

Дайындық

Қанық түсті далап жағуда дұрыс дайындық өте маңызды. Қанық түстер ашық түстерге қарағанда еріннің бар кемшіліктерін көрсете алады. Сол себепті жараланған, жарықтанған ерін терісінде қызыл далап өте нашар көрінеді. Таза ерін терісіне қорғаныс пен ылғалдандыруды қамтамасыз ететін ерінге арналған бальзам қолданыңыз. Еріндегі кішкентай жарықшаларды жасыру үшін спонж көмегімен жұқа қабатпен реңк беруші крем жағыңыз, артынан опа жағуға да болады. Бұл далаптың жұқа әрі бір қалыпты жағылуының кепілі болады.

Далап жағу

Тартымды еріндер жасау үшін қызыл далап жаққан жеткіліксіз. Еріннің шекарасын қарындашпен сызу далаптың кеш бойы ұсталуына көмектеседі. Қарындаштың жұмсақ болғаны дұрыс, далап жасанды көрініп қалмасын десеңіз, еріннің жоғарғы шекарасын толықтай сызбаңыз. Далап өте ұзақ уақыт сақталу керек болса, қарындашпен ерін терісін бояуға болады. Далапты мүмкіндік болған жағдайда жаққышпен екі қабат жағыңыз. 

Далап тым жасанды көрініп тұрса, ерініңізге қағаз сулығын бір басыңыз. Ол далаптың артығын өшіріп, жылтырын кетіреді.

Жарқын түсті далап арулар үшін тек сәнді тренд емес, батыл, ерекше макияж элементі болып келеді. Сіз де далапты көңіліңізге қарай таңдап, оын қарапайым бейнелермен үйлестіріп көріңіз.

Тақырып бойынша:

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?