Макияж жасаудың майталманы

Макияж жасаудың майталманы

Егер сіз Голливудтың бүкіл бикештері табиғатынан сұлу деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Олардың дені көпшілігінің теңдессіз әдемілігі гримерлер мен визажистердің сиқырлы қолында. Ресейдегі Вадим Андреев есімді визажист әйел затының бетінде нағыз кереметті тудырып, нығыз әрі ұқыпты жағылған опа-далап табиғи кескіні орта деңгейлі қыздың өзін әйгілі актрисаға айналатынын көрсетеді...

Талантты визажист Вадим Андреев Санкт-Петербургте тұрады. Визаж өнерін 16 жасында меңгере бастаған. Жас өрім жігіттің бұл ермегі көпшілікке түрпідей әсер қалдырған. Соған қарамастан, Вадим стилист-визажист атанып, көп күттірмей керемет дарындылығының арқасында танымал жанға айналған. Көптеген сериалдарда визаж жасаудағы шеберлігі хош көріліпті. 

Вадим Андреевтің веб-сайтынан макияж алдындағы, макияждан кейінгі қыз-келіншектердің кескінін көруге болады. Вадимнің басты мақсаты – опа-далапты қалыңдатып жаға бермей, кез келген әйелдің шынайы бет-бейнесін сәл түзеу немесе алып тастау.

Вадим әйел баласының жасырын жатқан сұлулығын аңғаруға келгенде бар күшін салады.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vadimandreev.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады