Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Әтір иісін қалай кетіруге болады?

Әтір иісін қалай кетіруге болады?

Әтір иісін қалай кетіруге болады?

Таңдап жүріп сатып алған иіссуымыздың аз уақыт өткеннен кейін ұнамай қалатын немесе бір емес бірнеше түрлі иіссуды пайдаланатын кездеріміз жиі болып тұрады. Қырсыққанда, бір жаққан иіссуымыз ұзақ уақытқа сақталып қалып, көңіл-күйімізді түсіріп, ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Мұндайда "өзі кетер" деп қол сілтемей-ақ, біз ұсынатын кеңестерді пайдаланып көріңіз.

Терідегі иісті кетіру.

Білекті су мен сабынның көмегі арқылы жууды байқап көрдіңіз. Әсер ойдағыдай емес. Иістер формуласындағы ингредиенттер суда емес, спиртте ертіледі. Осы логикаға сүйенсек, иісті таза спирттің көмегімен кетірсе болады. Бірақ, спирт сасып жүрген кімге ұнайды дейсіз Сондықтан, басқа жолын қарастырып көрейік.

Макияж кетіруге арналған құрал. Суға төзімді косметикаға арналған құралды таңдау керек. Мақтаға тамызып, парфюм иісі бар аймақтарды сүртіп шығыңыз. Мақтаны 3 минутқа қалдырып қоюға да болады. Қайталаңыз. Енді теріні жақсылап жуыңыз. Иіс кетті!

Май. Көптеген парфюмерлер осы әдісті құп көреді. Жұмыстан үйге қайтқанда рухани, физикалық қана емес, иістен де арылып демалғыңыз келеді. Сол кезде бадамның, жожобаның немесе жүзім сүйектерінің майын қолданып көріңіз. Теріні май тамызылған мақтамен ысқылаңыз. Содан кейін сумен, душқа арналған гельмен жуып шығыңыз да, теріні нәрлендіруге арналған лосьон жағып қойыңыз.

 

Кір жуатын ұнтақ. Бұл әдіс те тез әсер етеді. Сабынның орнына кір жуатын ұнтақты пайдалансаңыз жетіп жатыр. Алайда, ұнтағыңыз иістендірілген болса ескі иістің орнына жаңа иіс пайда болады. Оның сізге ұнамауы да мүмкін.

Киімдегі иісті кетіру.

– Химиялық жолмен тазарту;

– Киімді ашық ауаға жайып қою;

– Ас содасын пайдалану (киімді содамен бірге қорапқа немесе қалтаға салып қойыңыз);

Айтпақшы, ас содасы иіссудан басқа, түтін, асхана иістерін де сіңіріп алады.

Шаштағы иісті кетіру.

Бай жұпар иістер шашты жуғаннан кейін де қалып қояды. Ол үшін "француздық әженің әдісін" пайдаланып көріңіз.

1-2 ас қасық алма сірке суын (шарап та жарайды) бір стақан сумен араластырыңыз да, шашыңызды жақсылап жуып шығыңыз. Одан кейін сумен жуудың қажеті жоқ. Кепкеннен кейін шаштан әтірдің де, сірке суының да иісі шықпайды, керісінше жылтырай түседі.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: 7nogotok.ru, ladyonline60.ru

3155 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 қазан 2013, 09:42
Пікірлер
+0
11 қазан 2013, 10:17

Өзім әтір мүлдем қолданбаймын, біреудің әтірін қатты сеземін. Қыздар, әтірді көп шашпаңдаршы. Әсіресе жігіттер бұны ұнатпайды дейді ғой. Бірақ сүйікті иістерім де бар. Оны мақтаға сеуіп киім сөрелеріне салып қоямын, артынан киімнің бәрінен жеңіл хош иіс сезіледі. Сосын қасымда отыратын Анардың әтіріне үйреніп кеттім, қатты ұнайды)

+0
11 қазан 2013, 10:51

Анардың иіссуы маған да ұнайды :)

+0
11 қазан 2013, 11:23

Анара иіс суың қандай?)

+0
11 қазан 2013, 17:35

Киім сөрелеріне салып қою әдісі жақсы екен...Қалайша басыма келмеген?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев