Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Күзгі тренд: Крем еңліктері

Күзгі тренд: Крем еңліктері

Күзгі тренд: Крем еңліктері

Сән мен трендтер тек киім, аяқ киім мен аксессуарларда ғана емес, косметика мен бьюти құралдардың арасында да болатыны белгілі. Сол сәнге байланысты крем еңліктер – күзде сізде болуға тиісті косметика құралдарының бірі. 

Жалпы еңлік әр арудың косметика сөресінде болуы керек. Еңлік беттің шырайын келтіріп, бет пішінін әсем етіп көрсетеді. Еңлік көмегімен беттегі косметика (әсіресе реңк беруші крем) байқалмастай, табиғи болып көрінеді. 

Жоғары сән үйлерінің жаңа топтамалары мен косметика шығарушыларының талғамына сенсек, осы күзде еңліктердің арасында кремді түрлері танымалдыққа ие болады. Естеріңізге салсақ, еңліктің опа сынды, кремді және гельді түрлері бар. Қыздар көбінесе опа түрін қолданады.

Крем еңліктер терісі құрғақ аруларға жақсы жарасады, ал тым майлы теріде жылтыр болып көрінуі мүмкін. Кремді еңліктерге арнайы теріні ылғалдандыратын майлар қосылады. Солардың арқасында ол ұзаққа сақталып, теріні құрғатып тастамайды.

Еңліктердің осы түрін басқаларға қарағанда жағу оңайырақ болады. Оны арнайы жаққышпен емес, саусағыңызбен-ақ жаға аласыз. Оған қоса, мұндай еңліктер табиғи, қарапайым көрінеді.

Крем еңліктері опа еңліктеріне қарағанда, қатты байқалады. Сондықтан крем еңлікті азырақ жағуға болады.

Бұл еңліктер бетіңізде табиғи түрде көрінсін десеңіз, оларды жағыңыздан самайға дейін нүктелеп жағыңыз, артынан саусақ көмегімен жайып жағыңыз.

Крем еңліктерін жағып болған соң, опа жақсаңыз, оның жылтыры басылады.

Қазірде дүкендерде крем еңліктерінің түрлері көп: далап сынды еңліктерді жағу, өзіңізбен бірге ұстап жүру ыңғайлы, ал айнасы бар еңліктерді кез келген жерде жағып не түзей аласыз. 

Еңлік түсіне келсек, еңліктерді әрқашан жалпы макияжға, тері, шаш пен көз түстеріне үйлестіріп таңдайды. Өзіңізге бастапқы кезге жағу үшін екі түсті еңлік алып қойыңыз: бірін күнделікті макияжбен жақсаңыз, екіншісін кешкі отырыстар үшін батыл макияжбен үйлестіре аласыз.

Қандай еңлік жақсаңыз да, оның басты мақсаты бетке табиғи шырай беру екендігін ұмытпаңыздар.

Тақырып бойынша:

 

Ал сіз крем еңліктерін қолданасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 қыркүйек 2013, 16:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.