Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Экстремалды спа дауалар

Экстремалды спа дауалар

Экстремалды спа дауалар

Спа дауалар демалу мен рахаттануды білдіреді деп ойлаймыз. Әрине дәстүрлі спа дауалар: массаж бен орану жан мен тәнге рахаттануды сыйлады. Алайда спа дауалардың арасында да қызық, тіпті экстремалды түрлері бар екен. Түрлі елдерде қолданылатын ерекше спа дауалар жайлы оқып, онда рахатқа бөлінуге дәтіңіз баратындығы жайлы ойланып көріңіз.

Массаж спа салондарындағы ең танымал әрі дәстүрлі дауа. Бірақ израильдық массажистер өз жұмыстарын... жыландарға тапсырған екен! Салонның негізін салушы Ада Барактың айтуынша, жыландар массаж барысында жақсы әсер береді. Жыландарды жай ғана қолында ұстаған адамның өзі өзін жақсы сезініп қалады-мыс. Массаж үшін салонда жыландардың бірнеше түрі қолданылады: үлкендерінің көмегімен адам денесін демалтып, арқадағы ауруды жаздырады, ал кішкентайлары жұмсақ массаж жасайды. Ең бастысы жыландардың бәрі улы емес. Ал бұндай ерекше дауа сіздің қалтаңызға 80 доллар шығын әкеледі.

Ыстық су толтырылған ванна демалып, денедегі ауыртпашылықты басудың жақсы амалы. Қазірде спа салондарында көбіктенген ванна орнына, алкогольді түрлері көп ұсынылады екен. Чехияда сыраға, Мексикада текилаға, көп жерде шарап пен шампанға толған ваннаға жатқызса, Жапониядағы саке ваннасы бар. Саке құрамындағы аминқышқылдар теріні өте жақсы ылғалдандырады дейді мамандар. Жылы ванна 25 доллар тұрады.

Корейлік қыздар өздерін өте қатты күтетіні белгілі. Шығыс Кореяның орта тұрғыны күніне 18 түрлі косметикалық зат қолданады екен. Сондағы бьюти өндіріс те сұранысты қамтамасыз етуге тырысады. Кореяда ойлап табылған BB крем әлем бойынша танымалдылыққа ие болды. Ал олардың соңғы жаңалығы ұлу шырышы негізінде жасалынған косметикалық заттар болды. Ұлу шырышындағы эластин мен гиалуронды қышқыл керемет қалпына қайта келу қасиетіне ие екен. Ал ұлу массажы тіпті теріңізді бір сәтті жасартып, танымастай қыла алады. Бағасы да қасиеттеріне сай 250 доллар.

Нью-Йорк қаласында "Гейшалар күтімі" салонында құс қиымен тазаландыру дауасын ала аласыз. Бұлбұл қиы бұрыннан бері гейшалардың тері күтіміндегі басты қаруы болған екен. Онымен теріні өңдеген кезде, тері керемет тазаланып, ондағы өлі жасушалар жұмсақ тазартылады. Клиенттердің айтуынша дауа кезіндегі иіс қуырылған күріштің иісіне ұқсайды екен. 180 доллар тұратын бұл дауа үлкен танымалдыққа ие.

Бьюти саяхатымызды тай түрмесінде аяқтайық. Тайландтағы әйелдерге арналған түрмелердің бірінде массаж салоны ұйымдастырылған. Бұнда қыздарды массажға үйретіп, келген қонақтарға жақсы күтім көрсетеді. Салон түрмедегі әйелдердің уақытын алып, артынан бұнда қайтып келмеуі үшін жасалған. Салонның басқалардан айырмашылығы жоқ: іші әдемі, музыка, майшам мен гүлдер жайлылық береді. Алайда массаж өте арзан 6-ақ доллар тұрады. 

Ал сіз бұндай спа дауаларына барар ма едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: realfacts.ru, bankoboev.ru

2673 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 қыркүйек 2013, 12:26
Пікірлер
+0
29 қыркүйек 2013, 13:11

Мама қорқыныштысын-ай...Суреттен ақ қандай массаж екенін білуге болады...Көргенде қатты шошып кеттім... :( :D :P :lol: 8-) деп тынышталып барып пікір жазғым келгені....

+0
29 қыркүйек 2013, 19:10

жыландар ұнады

+0
29 қыркүйек 2013, 19:43

Ұлы емес Ұлу шығар?

+0
30 қыркүйек 2013, 21:29

қой, мен бармай ақ қояйын :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...