Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Табиғи маскалар

Табиғи маскалар

Табиғи маскалар

Дүкеннен алынған маскалар мен теріге арналған сұйықтықтарды таңдап шаршадыңыз ба? Кезінде аналарымыз пайдаланған мына маскаларды қолданып көріңіздер. Табиғи өнімдерден жасалынған маскалардың теріге тигізер пайдасы әлдеқайда көбірек.

Қызанақ маскасы

Бұл маска құрғақ тері үшін пайдалы. Үккіштен өткізілген қызанаққа аздаған крахмал қосып, біркелкі соқта алынғанша жақсылап араластырады. Мұның үстіне зәйтүн майының бірнеше тамшысын тамызып, тағы да мұқият араластырады. Дайын масканы таза бетке және мойынға жағып, 15 минуттай ұстайды. Содан кейін жылы сумен жақсылап жуып тастайды.   

Картоп маскасы

Бұл маска сезімтал терілерге арналған. Шикі үлкен бір картопты үккіштен өткізіп алады. Оның үстіне жұмыртқаның сарысын салып, мұқият араластырады. Алынған қоймалжың соқтаны бет пен мойынға жағып, 15-20 минуттай ұстайды. Болғаннан кейін, масканы қою жылы шаймен жуу керек.

Асқабақ маскасы

Ұсақ үккіштен өткізілген асқабақтың бір ас қасығын алып, оған жарты шай қасық зәйтүн майын және кілегей қосып, араластырады. Алынған қоспаны бет пен мойынға жағып, 10-15 минуттай ұстайды. Соңынан жылы сумен жуып алады. Бұл маска бетінің терісі қалыпты адамдарға арналған.

Қияр маскасы

Бұл маска әжімденген теріге жасалады. Оны дайындау үшін жаңа қиярдың жартысын кесіп алып, үккіштен өткізіп, сөлін сығып алады. Алынған сөлді бір шай қасық қаймақпен және бір шай қасық жұмыртқа ағымен араластырады. Қоспаны көпіргенше араластыру керек. Дайын болғаннан кейін, бетке қалың етіп жағады. 20 минут өткеннен кейін, оны жылы суға малынған мақтамен сүртіп алған жөн.

Қарбыз маскасы 

Бұған қарбыздың етін пайдаланады. Екі ас қасық қарбызды алып, оны бір шай қасық жұмыртқа ағымен араластыру керек. Қою соқта болуы тиіс. Дайын болғаннан кейін, бетке жағып, 15 минут ұстайды. Бетті қарбыздың суымен жуып, содан кейін, салқын сумен шаяды. Бұл негізінен, құрғақ  және әжім түскен тері үшін пайдалы.

Қауын маскасы

Бұл сезімтал терілерге арналған. Қауын етінен екі ас қасық алып, шанышқымен езгілейді. Үстіне бір ас қасық қаймақ және жарты шай қасық зәйтүн майын қосады. Дайын қоспаны бет пен мойынға қалыңдау етіп жағады. 15-20 минут тұруы керек. Содан кейін жылы сумен жуып алады.

Маскадан кейін бет пен мойынды жуып-шайғаннан кейін, жұмсартқыш крем жаққан дұрыс. Бұл маскалардың әсерін, тиімділігін арттырады. 

Суреттер: kuharka.com, pinkberry.com, blog-poleznostei.ru, screenfon.ru, jenchina.ucoz.ru.

11205 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 сәуір 2012, 15:52
Пікірлер
+0
06 сәуір 2012, 17:15

Жасап көру керек сияқты

+0
06 сәуір 2012, 18:09

Өттте қажет кеңестер екен!!!

+0
06 сәуір 2012, 18:23

ооо нағыз керек дүниелер :D

+0
08 сәуір 2012, 17:35

Алдында теріме бір маска сатып алдым. Керемет маска екен. Жағып болған соң терім сондай балғын болып тұрады. Осы маскалардың қыр-сырын енді ұғып келемін. Жиі қолданып тұру керек. :)

+0
14 сәуір 2012, 17:17

Суреттер сондай аппетитный, бетиме жакканше жеп кояр едим)))

+0
23 сәуір 2014, 21:16

осылардың пайдасы бар ма екен осы бірінен бірі өтет :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...