Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Лидоның макияжы

Лидоның макияжы

Лидоның макияжы

Лидо – еліміздегі ең сәнді әншілердің бірі. Ол әрқашан мінсіз киініп, керемет макияж жасайды. Бүгін Лидо instagram қоғамдық желісінде оқырмандарына өзінің макияжын ұсынып, оны жасаудың сырларымен таныстырды.

Лидоның нәзік дауысы сынды дарыны бір бөлек, оны көбіміз табиғи сән сезімі үшін де құрметтейміз. Ол әрқашан ерекше, өзінің стилінде киінеді. Лидо жақында өткен "Астана жұлдызы" ұлттық байқауында "Ең стильді әнші" атағына ие болды. Лидо әр уақыт позитивті, көңіл-күйі жақсы болады. Сол себепті болар, бұл әншінің instagram қоғамдық желісінде оқырмандар саны өте көп. Солардың сұрауы бойынша Лидо бүгін өзінің макияжын ұсынып, оны жасаудың сырларымен таныстырды.  

Сонымен Лидоның айтуынша, бұл макияж үлгісі күндізгіден гөрі кешкі түріне жатқызылады. Бірақ түсірілмге бара жатқан Лидо осындай макияж жасауды жөн көріпті. Мынау макияжға қажетті косметикалық құрадар:  

  • Макияж астына жағылатын негіз, реңк беруші крем, опа және опа жаққышы;  
  • Қабақ бояуының астына жағылатын негіз, кірпікке арналған тушь; 
  • Көз бояу жағуға арналған жалпақ, шеңбер пішінді жаққыштар; 
  • Қасқа және "стрелка" сызуға арналған жаққыштар және сұйық сүрме.   

1. Макияж астына жағатын негізді көзден басқа бетке түгел жағамыз. Қабаққа өзінің арнайы негізін жағыңыз. Жаққышпен опаны бетке жағамыз (көзге тағы да жақпаймыз).  

2. Жалпақ жаққышпен ашық, тіпті ақ түсті көз бояуын қастың астына және қабақтың жылжымалы бөлігіне жағыңыз.

3. Қара қарындашпен көздің үстін сызамыз. Сызықты кірпікке барынша жақынырақ қылуға тырысамыз. Сызықты бірнеше рет басып жүргізіп, үстінен арнайы жаққышпен қара көз бояумен де бастыруға болады. 

4. Шеңбер пішіндес жаққышпен көздің жылжымалы жерінің үстінен сары-қоңыр көз бояуын жағамыз. Жаққыштардың көмегімен ақ және сары-қоңыр бояуларын аралстырамыз.  

5. Көздің астын жұқа жаққышпен қара не қоңыр бояумен сызамыз. Көздің ішіндегі сулы жерін ақ қарындашпен сызуға болады. Осылайша көздеріңіз қызармай, келбетіңіз жарқырай түседі. 

6. Енді жаққышпен қара немесе кез келген басқа күңгірт түсті қабақ бояуымен қабақтың шетін бояймыз. Жаққыштардың көмегімен бояуларды араластырып, бір-біріне өтуін байқалмайтындай жасаймыз.  

7. Қара қарындашпен сызылған сызықтың үстін сүрмемен басып, әдемі "стрелка" саламыз.    

8. Кірпіктерді арнайы қысқыштың көмегімен қайырып, тушьпен бояймыз. Қажет болса қосымша жасанды кірпіктер қосыңыз. 

Лидо ұсынған көз макияжы дайын! 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер look.tm сайтынан және instagram.com сайтындағы Лидоның парақшасынан алынды

2095 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 шілде 2013, 15:40
Пікірлер
+0
19 шілде 2013, 15:58

Әдемі екен

+0
19 шілде 2013, 16:18

кушти,

+0
19 шілде 2013, 20:40

керемет! өте ұнады. Жалпы стрелка салу ең жылдам мэйк ап түрі ғой)))

+0
21 шілде 2013, 02:46

ееееееееех, мынаны Лидо өзі жасап бермесе болмайды екен :mrgreen:

+0
21 шілде 2013, 09:57

Үйреніп алатын екен. Әдемі

+0
22 шілде 2013, 22:33

көзі кіп кішкентай екен ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...