Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Жазғы шаш сәні: түйілген шаш

Жазғы шаш сәні: түйілген шаш

Жазғы шаш сәні: түйілген шаш

Ыстық күндеріне мінсіз келетін шаш сәні – түйілген шаш. Жай ғана шашты түйе салмай, осы қарапайым шаш сәнін түрлендіріп, өзіңізге жарасатынын таңдаңыз. Сіздерге осы шаш сәнінің 3 түрлі нұсқасын ұсынамыз.        

Жартылай түйілген шаш                                                         

Бұл шаш сәнінде шашыңыз түгел емес, жартылай түйіліп тұрады. Алдағы шаштар бетіңізге түспей, ыстық күндері бөгет болмайды. Сондай-ақ бұл шаш сәні өте нәзік көрінеді.                                                            

Суреттегідей шаштың екі бұрымын бөліп алып, қарапайым жіпті байлағандай шашыңызды байлаңыз. Астынан салбырап тұрған шашты солай қалдырыңыз, ал жоғары бағытталған шашты шаш қысқыштарымен әдемілеп тығып қойыңыз. Шашыңыз ерекше көрінсін десеңіз, бірнеше шаш бұрымын плойкамен бұйралап қойыңыз.                                         

Байланған шаш                                                                                               

Тым ыстық күндері шашыңызды осылай байлап алсаңыз болады. Артық шаш терлетіп, мазаңызды алмайды.      

Шашты тура ортасынан екіге бөліп, қатарынан екі рет байлаңыз. Шашты резеңкемен бекітіп, оны түйілген жердің астына тығыңыз. Қысқыштар көмегімен шашты қосымша бекітуге болады. Шаштың соңын тарап, көлем беріңіз.                                                                          

 

Ширатылған шаш                                                                                     

Шашты мүлдем жинап тастаймын десеңіз, шаш түюдің осы жолын таңдаңыз. Ерекше көрінетін бұл шаш сәні қарапайым түйілген шаштан әлдеқайда сәнді болады.     

Шашыңызды үш бірдей бөлікке бөліңіз. Ортаңғысы мен оң жақтағы шашты бұрап, ширатыңыз. Ширатылған шаш өзінен-өзі жиналып, түйілгендей болады. Қалған шашты да дәл солай бұрап, түйілген шаштың сыртынан орап, қысқыштармен бекітіңіз.                                                     

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: refinery29.com

9245 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 маусым 2013, 16:16
Пікірлер
+0
28 маусым 2013, 17:50

1 мен 3 үлгі ұнап тұр. Жасап көрмесем. 1- ге қыстыратын ештеме керек емес сияқты ғой иа

+0
28 маусым 2013, 17:55

қызық екен

+0
28 маусым 2013, 22:54

Күн ыстықта үшіншісі табылған ақыл екен!

+0
28 маусым 2013, 23:47

маған 1 шісі ұнады.Жасап көру керек

+0
29 маусым 2013, 01:23

барлыгы унады

+0
30 маусым 2013, 17:58

Маған ұнамады. Шаш тез үйісіп қалады, әрі тез шешілініп кетеді.

+0
30 маусым 2013, 18:23

Менде енди узын шаш жок.Астанага келгенде узын болган белимнен тусетин.Жауырыныма дейн кыскарттым.Казир Кып кыска.Желкемнен аспайд.

+0
30 маусым 2013, 19:07

1 жасасам,шаш күн ыстықта терлейді ғо,2 жасасам, үйісіп қалады,3 жасасам.....сол,3 жақсы сияқты ғой))) :mrgreen:

+0
18 шілде 2013, 19:13

кушти екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...