Араб шейхтарының әйелдері немен айналысады?

Араб шейхтарының әйелдері немен айналысады?

Бұл материалдың кейіпкерлері өте әдемі және Шығыс әйелдері жайлы стереотиптерді бұзады.

Шейха Моза бинт Насер аль-Миснед

Катардың бұрынғы әмірі Хамад Бин Халифа Аль-Танидің әйелі және қазіргі әмірші шейх Мозаның анасы тек қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, саяси өмірдің белсенді қатысушысы болып келеді. Шейха — ЮНЕСКО-ның арнайы уәкілі. Ол мемлкеттік және халықаралық қызметтерге және Британ империясы орденінің командор атағына ие.

Бірақ ол, әсіресе, сән әлеменіде танымал. Жеті баланың анасы болса да, мінсіз дене сымбаттылығымен және стилімен ерекшеленеді. Өз елінің дәстүрлерін құрметтеп, Шейха жабық әрі ұстамды киінеді.

Рания аль-Абдулла

Иордания королі Абдулла ибн Аль-Хусейннің әйелі және тақ мұрагері Хуссейн ханзаданың анасы — Рания әлемдегі ең танымал шығыс патшайымы болып саналады. Ол Таяу Шығыс әйелдерінің құқығы үшін белсенді күреседі. Патшайым дәстүрлі киім стилін біртіндеп өзгертуді ұсынады. Рания өзі джинс шалбарлары мен жейделер кигенді жақсы көреді. Ол халық алдына орамалсыз жиі шығады.

Амира Аль-Тавил

Амира аль-Тавилді Сауд Арабияда дәстүрлі қоғам негіздерін бұзушы атайды. Ол ханзадағы күйеуге шыққанға дейін АҚШ-тағы Нью-Хейвен университетін аяқтады, іскерлік басқару бойынша дәрежесі бар, халықаралық көлік айдау құқығын алды, көлігін өзі айдайды (бұл Сауд Арабиясы әйелдеріне тән емес). Амира бірнеше жылдан кейін күйеуміен ажырасты. Амираның айтуынша, күйеуі дүниеге жылдам бала әкелуін өтінген, ал ол өзін ана рөлінде көрмеген. Қазір ханшайым Сауд Арабиясында және бүкіл әлем бойынша гуманитарлық проблемаларды шешумен айналысады.

А. Жапатова