Online shopping: Дүкен сілтемелері

Online shopping: Дүкен сілтемелері
Фото: vk.com

Сіз ғаламтор-шопингті сауда жасаудың, зат сатып алудың ең ыңғайлы әрі пайдалы түрі деп ойлайсыз және ең танымал деген киім, аксессуар, аяқ киім онлайн-дүкендерімен жақсы таныссыз. Shopbop, asos, net-a-porter, farfetch және luisaviaroma сынды дүкендердің бірінен зат сатып алып көрдіңіз. Және өзіңіз білетін ғаламтор дүкендерінің тізімін толықтырғыңыз, жаңартқыңыз келеді. Айтылғандардың бірімен келіссеңіз бұл мақала сіз үшін деп біліңіз.

Төменде киім, аяқ киім, тамақ, парфюмерия, косметика сататын және Қазақстанға тікелей жеткізіліп берілетін 10 танымал ғаламтор-дүкеннің топтамасын жасадық. Сізге кейбірі таныс болар немесе керісінше жаңалық болар. Қалай болғанда да бір зат сатып алуға деген құлшынысыңыздың пайда болатындығына сенімдіміз. 

Bonadrag

Егер сізге эклектикалық киім немесе аксессуар керек болса, сіздің іздегеніңіз Bonadrag.com ғаламтор дүкені екеніне күмәніңіз болмасын. Сіз бұл жерден қайталанбас, ерекше гардероб заттарын таба аласыз. Көпшілігі жас үнділік дизайнерлердің қолынан шыққан дүниелер, сондай-ақ, танымал брендтердің де бұйымдары бар. Bonadrag.com клиенттеріне бізден алған киімді ешкімнен кезіктірмейсіз деп уәде береді.

Avenue32

Бұл – салтанат пен ойнақылықтың алтын қоры. Дүкен өте танымал және көпшіліктің ықыласына бөленген Proenza Schouler, Carven және Narciso Rodriguez сынды брендтерді ұсынады. Мұнан басқа, Vivietta және Muveil аталатын кейін шыққан сәнді маркалар бар.

My-Wardrobe

Бұрын соңды  net-a-porter дүкенінен тауар алып, көңіліңізден шыққан болса, бұл ағылшын онлайн дүкенін еш қорықпастан таңдай беріңіз. Өте жоғары сападағы киім үлгілері көңіліңізді бірден баурап алады.

Browns

Дүкеннің Лондон қаласында орналасқандығына және шағын екендігіне қарамастан, әртүрлі иіс шығаратын құралдарға өте бай. Browns онлайн-дүкенінде ерлер және әйелдер киімі де бар. Дүкен иелері қалыңдықтарға арналған бөліммен де мақтана алады. Сайтты бақылап отыратын болсаңыз, көптеген жеңілдікке тап боласыз.

Nasty Gal

Nasty Gal онлайн-дүкеннің негізін салушы София Аморузо өз бизнесін Ebay ғаламтор-бәссаудасынан тапқан табыстарын сатудан бастайды. Ал қазір ол біртұтас сән патшалығын меңгеріп отыр. Nasty Gal беттерінен замануи да, көне де заттарды, тіпті рок-н-рол стиліндегі киімдерді таба аласыз. Заттардың бағалары теңгемен көрсетілген және көпшіліктің қалтасы көтереді.

Moda Operandi

Сән әлемінің көшінен қалмай, ең үздік деген дизайнерлердің жаңа киімдерін, сән көрсетілімдерін біліп отырғыңыз келсе және ұнатқан заттарыңызды сатып алуға деген құлшыныс пайда болса, Moda Operandi сайтына тіркеліңіз. Дүкеннің ерекшелігі – сән алаңында көрсетілген сәтте-ақ тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Әлемнің түкпір-түкпірінен бір сәтте тапсырыс келгендіктен, ең үздік киімдерді ең жылдам адамдар алады.

Mouth 

Бұл сайт шынайы тамақ талғағыштарға, әртүрлі тағамдарға баға беруге асығатындарға және жай ғана дәмді тағам жеуді сүйетіндерге арналады. Сайт бетін ашып, зімбір-бадана, жыланқияқ, балды-тұзды қиярларды, ақжелкендерді көріп отырғанда сілекейіңіз шұбыра бастайды. Mouth ұсынатын тағамдар аса қымбат емес.

Wolf and Badger

Wolf and Badger негізінде Ұлыбританияның тәуелсіз брендтеріне қолдау көрсетеді. Сол себептен, сіз сайттан бұрын-соңды естімеген жаңа дизайнерлердің өнімдерін көресіз. Жаңаның аты жаңа, арасынан гардеробыңызға міндетті түрде енгізгіңіз келетін тауарлар табылады деп ойлаймыз.

Totokaelo

Әдемі безендірілген онлайн-дүкен минимальді стилдегі киімдерімен мақтанады. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі кезде Totokaelo сайтына бас сұғыңыз, көңіліңіз онан сайын жайланып, қайталанбас затты уысыңызға түсіріп аласыз.

Beautyhabit

Сізді парфюмерия аңшысы деп атауға бола ма? Олай болса бұл онлайн-дүкенді тек өзім үшін деп біліңіз. Замануи бьюти-дәріхана кішкентай ғана құтыларға құйылған үш бірдей иіссуды 15 $ ақшаға береді. Сіз бұларды тәжірибеден өткізіп, тері иісіңізбен қаншалықты үйлесетінін қарастыра аласыз. Келісіңізші, өте ыңғайлы жүйе емес пе? Қымбат әрі көлемді затты алмас бұрын әбден ойлануға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ, әрбір тауарды сатып алған сайын, тегін сынамаларды береді. Аз, бірақ өте жағымды!

Ескерту: қазіргі күнде ғаламтор-сауда айналымы жүздеген миллиард долларға жетіп, жылдан жылға жоғары қарқынмен өсу үстінде. Сондықтан, бұл салаға аш көздерін көздерін тігіп,  арам қолдарын созып отырған алаяқтар да көбейіп келеді. Кез келген затты сатып алар алдында және төлем жасау кезінде абай болыңыз.

А. Оралқызы