Карантин кезінде қалай тамақтанған жөн?

Карантин кезінде қалай тамақтанған жөн?

Карантин кезінде адам үйде не жұмыста отыратындықтан, қимылдың аздығынан артық салмақ қосуы мүмкін.

Артық салмақтан арылудан гөрі оны қосып алмауға тырысу әлдеқайда оңай. Сондықтан үйде отырып аз тамақ жеуге тырысу қажет.

Диетологтардың айтуынша, үйде көп тамақ жеп қоймау үшін азырақ азық-түлік сатып алған жөн. Әсіресе, тәбет ашып, жегіңіз келіп тұратын азық түрін алмауға тырысыңыз. Әрі ананы бір, мынаны бір жұлып жей бергенге қарағанда, бір уақытта толыққанды тамақ ішіп, ауқаттанған абзал.

Дүкенге азық керек кезде ғана барып, аз-аздан сатып алған дұрыс. Жақсы көретін, сүйіп жейтін азықты азырақ алып, аз көлемде сақтаңыз. Бір рет жейтіндей болса да болады.

Адам үйде отырған кезінде күніне 2 мыңдай килокалория тұтынады. Күнде жеген тағамыңыз осыдан асып кетпесін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеңіл-желпі тамақтануға қарағанда толыққанды ыстық ас ішіп, түстенген дұрыс екендігін айтады. Су ішу режімін сақтау да маңызды. Ас қорыту үшін су қажет екендігі белгілі.

Қаужап жегенше, ас әзірлеп, ыстықтай ішкен әлдеқайда пайдалы. Оның үстіне, бұл арзан, шығыны аз.

Сондай-ақ диетологтар жаңғақ, алма мен жеміс-жидекті көп жеп қажет емес дейді. Өйткені артық калория.

Жақында Израиль елінде карантин жарияланған кезде, әлеуметтік желіде үйіне азық тасыған, бөлмесіне азық-түлік толтырып тастаған адамдардың суреті көбейіп кетті. Суретке мән беріп қарасақ, адамдардың көбі шоколад, вафли, қытырлақ, кәмпит сынды тәтті тағамдарды толтырып алғанын көреміз. Алайда дәрігерлер мұның дұрыс еместігін, өйткені тәтті тағамдар адамның иммунитетін нашарлатынын айтады. Оның үстіне, тәтті тағам артық салмақ. Оның орнына жеміс-жидек, көкөніс, ет алып сонымен ыстық ас әзірлеген жақсы.

Содан кейінгі есте ұстайтын нәрсе – жаттығу жасаңыз. Таңертең тұрғанда, теледидардың алдында тұрып, құрысып қалған денеңізді қимылға келтіріп, қан жүргізіңіз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт