Қазақстан қарулы күштері АрМИ-2018 сайысында көш басында келеді

Қазақстан қарулы күштері АрМИ-2018 сайысында көш басында келеді
Фото: Baq.kz

12 мемлекеттің туын көтеріп келген 18 команданың арасында өтіп жатқан Халықаралық армия ойындары жалғасып жатыр. Атап айтсақ, Ресей, Қытай, Венесуэла, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Сирия, Әзірбайжан, Зимбабве, Беларусь, Иран және Қазақстанның қарулы күштері жарыстың көрігін қыздыруда. Бәсеке Жамбыл облысында орналасқан «Отар» 40-әскери базасында өтуде. Осыған дейін Қазақстан әскери қызметкерлері үздік үштікте келе жатқанын хабарлаған едік. Енді жерлестеріміз көштің тізгінін өз қолынан түпкілікті алған.

Қатысушылар «артиллериялық алау», «сұңқар салу», «сенімді қабылдау» сайыстары бойынша сынға түсті. "Сенімді қабылдау" биыл байланыс қызметкерлерінің арасында алғаш рет өткізілді.

«Артиллериялық алау» сайысының алғашқы кезеңіндегі жалпы нәтижеге көз жүгіртсек, командалар құрамаларының екінші есебі арасында қазақстандық әскери қызметкерлер екінші және үшінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды Ресейден келген қатысушылар иеленді.

А. Қажиев