Жігіт өзіне сенімсіз болса...

Жігіт өзіне сенімсіз болса...
Фото: Бизнес Вконтакте

Жігітке ең қажетті басты қасиеттердің бірі – өз-өзіне деген сенімділік. Бұл қасиет шектен тыс болып кетсе де жағымсыз, барлығы өз орнымен болғаны дұрыс. Ал егер өзіне сенімділігін арттырмаса, өмірден өзін жоғалтып алуы да мүмкін.

Өзін өмірге босқа келген жай жаратылыс сезінгендіктен, қолынан бір нәрсе бітіру келеді деген ойына кіріп-шықпайды.

Бір қиыншылық көрсе, бүкіл өмірден түңіліп кетеді. Бұлт артынан күн шығарын сенбейді. Өмірде өзінен өзге жапа шегіп жүрген жан жоқ деп, өзгелердің бақытына көз алартады.

Басқалардың ой-пікірінсіз шешім қабылдай алмайды.

Болашақты ойламайды. Мақсаты сағым, арманы бұлыңғыр. Олардың орындалатынына үмітінен күдігі басым тұрады.

Барлығына өз қолымен жетуге болады дегенге мүлде сенбейді. Сол себептен білім алып, еңбектенуге ерінеді.

Өмірде барлық жағдайды ақшаға әкеліп тірейді және ақшаның шеше алмайтын түйіні көп екенін білмейді. Өзінің емес, әке-шешесінің, жақындарының тапқан табысына мастанып жүреді.

Өмірде бап та шабатын кез болатынын мойындамайды. Менің қашан жолым болады деп аспандағы айға аузын ашумен өтеді.

Оларға үнемі "пайдаланып кететін" қыздар жолығады. Сондықтан барлық қызға бірдей жігіттің ақшасы мен көлігі болсы бітті деген оймен, бәріне бірдей тісін қайрап жүреді.

Өз күші мен санасы арқылы басқаларды жаулап алуға болатынын түбегейлі жоққа шығарады. Өзін тым-тым әлсіз сезінеді.

Сіз өзіңізге сенбесеңіз, өзгелер сізге қалай сенім артады? Ертең сіз де бір шаңырақты биікте ұстауыңыз керек, ертең сіз де біреудің әкесі боласыз. Осы бастан өзіңізге өзіңіз сенбесеңіз, сізге біреу қалай сенеді? Ойланыңыз!

@. @assel_assanova