ІІМ академиясына оқуға түскіңіз келсе

ІІМ академиясына оқуға түскіңіз келсе
Фото: massaget.kz

Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Елдің дамуы мен ілгері жылжуына кішкене болсын өз үлесін қосам деуші әрбір саналы ұрпақ сол жолда сапалы білім нәрімен сусындауы қажет. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер арнайы жоғары оқу орнына түсу үшін арнайы сынақтардан өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек өтініш жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71 пайызын құрап отыр. ҰБТ-ны 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618-і орыс тілінде тапсырды. 

Барлығы болмаса да түлектердің белгілі бір бөлігі әскери салада білім алуды қалайтыны анық. Елімізде әскери білім беретін бірнеше оқу орны бар. Солардың бірі – ІІМ академиясы. Аталған академияға түсу үшін нені білу керек? Ендеше, осы турасында біле отырыңыздар!

ІІМ академиясына оқуға түсушілерге қойылатын міндеттер

Қазақстан Республикасының ІІМ академиясына түсетін кандидаттарды қабылдау мен іріктеу жалпы орта білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қойған талаптарына жауап беретін, əскери қызмет етуге жəне білім алуға денсаулық жағдайы сəйкес келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан таңдалады. Академияға əр жылдың 31 желтоқсанына дейін жасы 17 мен 25 аралығындағы азаматтар қабылданады. 

Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы кандидаттарды Астана, Алматы қалаларындағы ішкі істер Департаменттерінен не азаматтардың тұрғылықты мекенжайынан алынған медициналық, физикалық, психофизиологиялық сəйкестіктеріне қарай іріктеп, қабылданады.

Физикалық дайындық

Абитуриенттердің физикалық көрсеткіштері тест арқылы анықталады. Тест атауы: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық.

Жігіттер

1. Жүгіру 100 м. (сек) 
2. Жүгіру 3000 м. (кросс мин/сек)
3. Тартылу 

Қыздар 

1. Жүгіру 100 м. (сек)
2. Жүгіру 1000 м. (кросс мин/сек)
3.Шалқадан жатып денені көтеру

ҰБТ қорытындысы бойынша қойылатын міндеттер

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жəне кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша ІІМ академиясына жəне Қарағанды ІММ заңгерлік институтына түсушілерге арналған орта білім беру бағдарламасындағы келесі пəндер бойынша жүзеге асырылады: дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қазақ не орыс тілі (оқу бағдарламасының тілі), математика. Таңдау пəні - дүниежүзі тарихы.

ІІМ ішкі əскер əскери институтына түсу үшін келесідей пəндерді тапсырады: физика, математика, Қазақстан тарихы, қазақ не орыс тілі (оқу бағдарламасының тілі). Таңдау пəні - физика.

ІІМ колледжіне түсу келесі пəндер бойынша алдын ала тест тапсыру арқылы жүргізіледі: дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қазақ не орыс тілі (оқу бағдарламасының тілі). Таңдау пəні - дүниежүзі тарихы.

ІІМ жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ - дан жəне кешенді тестілеуден абитуриенттер 50 баллдан төмен жинамауы керек: оның ішінде таңдау пəнінен 7 баллдан, басқа пəндерден 4 баллдан кем болмауы керек. ІІМ колледждеріне 30 балл төмен жинамауы керек.

Оқу барысында жеделтетілген əскери қызмет өтіп, оқу курсын толық аяқтағаннан кейін ішкі істер органдарында қызмет өтілі есепке алынады.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне оқуға түскендер келісімшарт бойынша ішкі істер органына 5 жыл жұмыс жасауға міндетті. Қарсы болған жағдайда "Қазақстан Республикасының ішкі істер органы туралы" Заңына сəйкес оқу кезінде төленген стипендия мемлекетке қайтарылады. 

Курсанттар оқу орнының казармасында жатып оқиды. Олар тамақпен қамтамасыз етіліп, стипендияға төленеді. Бұның барлығы ІІМ-ға республикалық бюджеттен бөлінген ақша есебінен төленіп, олар тегін оқиды. ІІМ-ны бітірген түлектер міндетті түрде ОВД-ның бөлген территорияларына жұмысқа орналасады. 

Қазақстан Республикасының ІІМ-ның оқу мекемесі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлерін дайындау үшін екі ІІМ жоғары оқу орны жəне үш колледж жұмыс жасайды. 

Алматыдағы академия жəне Қарағанды заңгерлік институты мына мамандықтар бойынша жоғары деңгейдегі кəсіби білім береді: тергеу-криминалдық, оперативті-криминалдық, оперативті-із кесушілік, администраторлық-құқықтық салаларын қамтамасыз ететін "Құқық қорғау қызметі" мамандығы. Оқу мерзімі - 4 жыл.

ІІМ əскери институты "Əскери техника жəне технология" мамандығы бойынша дайындап, жоғары білім береді. Оқу мерзімі - 4 жыл. 

Ақтөбе, Семей, Шымкент заңгерлік колледждерінде оперативті-із кесушілік, администраторлық-құқықтық салаларын қамтамасыз ететін "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша орта білімді кадрлар дайындайды. Оқу мерзімі - 2 жыл.

Сұрақтарыңыз болса...

Қазақстан Республикасының ІІМ оқу орындарына түсу үшін тұрғылықты жердегі ішкі істер органдарына барып ақпарат алған дұрыс. 2009 жылдың 18 наурызында қабылданған министрдің бұйрығына сәйкес N104 Ішкі әскер қызметкерлерін дайындайтын IIIМ оқу орындары туралы және оқу орындарына түсу туралы ақпараттарды байланыс штабтары мен IIM ішкі әскер бөлімдерінен білуге болады.

Ж. Жұмағұлов