Алтыншы сезім – түйсікті жетілдіру

Алтыншы сезім – түйсікті жетілдіру
Фото: VseTop

Түйсік деген не? Бұл біздің ішімізден шығатын тылсым үн. Ол үнемі бізбен байланысты болады, бірақ неге екені беймәлім, біз оған құлақ түре бермейміз.

Түйсік адамға не үшін керек?

Көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сипап (тері) сезуден кейінгі алтыншы сезім (интуиция) қауіпті жағдайдалардың алдын алу үшін қажет. Қазақта «аяғым тартпай тұр», «көңілім қош көрмей тұр» деген сөздер бар, міне, бұл – түйсіктің дауысы. Яғни сіз осы дауысты мақұлдап, аяғыңыз тартпаған жерге бармай қалсаңыз, сол жерде апат болғанын кейін естисіз де, бармағаным жақсы болған деп ойлайсыз. Ол тек тіршілік қауіпсіздігін сақтап қана қоймайды, жұмыста, кәсіпте шешім қабылдауда да сіздің серігіңіз болады.

Түйсік барлық адамда болады, біреуде – жақсы дамыған, біреуде – төмен деңгейде. Ерлерге қарағанда әйел адамдардың түйсігі жақсырақ дамыған, бұл мидың оң жақ жарты шарына байланысты. Ол ым-ишараға, қиялдау мен армандау қабілетіне жауап береді. Мидың оң жақ жарты шарын жетілдіру үшін хат жазып дағдылану, сол қолмен сурет салуға икемделу деген секілді жаттығулар жасауға болады.

Сындарлы логикадан арылыңыз. Алтыншы сезім көбіне логикаға қайшы келіп жатады. Бейсаналы тұрғыда туған ойларыңызға мән беріңіз, ол логикаға сәйкес келмеуі мүмкін, дегенмен талдамалы шешімдер қабылдауда көмегі көп.

Қағазға әртүрлі бес сөз жазып, оларға алғаш ойыңызға келген сөздермен ассоциация жасаңыз. Алғашында кітап – білім, су – тазалық, киім – жылу, құжат – мемлекет, тәрелке – тамақ деген секілді іш пыстырарлық тізім тууы мүмкін. Бұл жаттығуды тағы қайталаңыз. Бірнеше рет қайталағанда жақсылап бақылауды қажет ететін күтпеген байланыстар табуыңыз ықтимал.

Өзіңіздің «Меніңізбен» сөйлесіңіз. Тез арада шешім қабылдау қажет болып, тығырыққа тірелгендей сәттермен күн сайын бетпе-бет келесіз. Ішкі «меніңізбен» тідесуден қорықпаңыз. Санаңызбен сөйлесіңіз. Өзіңізге сұрақ қойған кезде ғана түйсігіңіз қызметіне кіріседі.

Ол мына сызба бойынша іске асады: мәселе – себебін анықтау – шешу жолдары – мәселе шешімінің ең тиімдісін таңдау – нәтиже. Түйсік болмаса, сызба: мәселе – шешу жолдары – бір шешімге келу – нәтиже күйінде ғана көрінеді. Логика мен түйсік параллель бағытта жүріп отырады, бірақ математика заңдарынан айырмашылығы, олар өмірде түйісіп кететін кездері болады.

Үйлесім іздеңіз. Өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте көре білетін жанның түйсігі тез дамиды. Сіз қандай тұлғасыз, қалауыңыз не, басқалар сізбен қалай араласады – осыны ойланыңыз. Өзіңіз туралы және өзгелермен қарым-қатынасыңыз жөнінде толық түсінігіңіз қалыптасқан болуы тиіс.

Өзіңізді, әсеріңізді, әрекеттеріңізді санада сараптап, барлығын жақсылап ойлануға бір күн арнаңыз. Барлығына іштей баға беріңіз, жазып отырсаңыз тіптен жақсы. Ішкі дауысыңызды тыңдап, түсінуге тырысыңыз. Сонда өзіңізді түсіну, жағдайларды шешу жеңіл болады.

Сабырлы болыңыз. Егер адам толассыз ойлар ағынын дереу тоқтатып, ішкі тыныштығына орын берген жағдайда ғана, түйсік оған қиын жағдайдан алып шығатын көмекші ққрал бола алады. Ойды бір арнаға шоғырландыру, яғни медитацияның мақсаты осы. Сонда адам босаңсып, бейсананың тұңғиығына батады. Ол сананы тыныштандырып, артық ойлардан арылуға көмектеседі. Кемінде жарты сағат бөлмеде не табиғат аясында жалғыз қалып, алаңдататын барлық нәрседен алшақтап, ойыңызды жинақтауға уақыт бөліңіз.

@. @assel_assanova