Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Жүз жағдай / Жар таңдауда әкесінің ұлына айтқаны

Жар таңдауда әкесінің ұлына айтқаны

Жар таңдауда әкесінің ұлына айтқаны

Жар таңдау – өмірдегі ең басты қадамдардың бірі. «Атың жаман болса сатып құтыласың, қатының жаман болса қайтіп құтыласың». Балаларыңның анасы болып, өзіңнен тараған ұрпақты тәрбиелейтін жанды аса жоғары талғаммен таңдаған абзал. Әдетте қыздар әкесіне, жігіттер анасына ұқсайтын жар іздейді. Ал әкенің таңдауын білу үшін оның сөзіне де құлақ асыңыз.

«Ұлым, өтінемін, ақымақ және қыдырымпаз қыздарға жолай көрме. Бұл түкке тұрмайтын арзан атақ саған бос әурешіліктен өзге ештеңе әкелмейді. Ондай әйелдер сені күшті ете алмайды, тек өміріңді қателікке толтырады.

Аса талғампаз бол. Сиыр су ішкен жерге жылқы мойын бұрмайды. Мақтаулар мен марапаттарды босқа жаудыра берме, бірақ мейірімді бол. Қандай болса да әйелдерді сыйла. Себебі сен еркексің. Сөзбен ғана емес, іс жүзінде де осыны дәлелдей біл. Өзіңді төмендетуге жол берме, құлағанға қолдау бол.

Қай жерде болмасын жауапкершілікті мойныңмен сезіне біл. Өзіңе, сөзіңе, ісіңе жауап бере алатындай, әр адымыңды аңдап бас. Жеңіл ойға салынба. Қателестің бе, сабақ ал. Тек бір орында тұрып қалма. Әр қателік сені шыңдай түседі. Жанмен де, жүрекпен де «үлкен адам» бол. Қайсар бол, ештеңеден қаймықпа. Қорқыныш та болсын, сонымен бірге қорқынышты жеңе білетін ерік-жігерің болсын. Еркек атына затың сай болсын. Көзің тұнық, ойың анық болсын. Жүрегің жалған сеніммен тұманданбасын.

Маған сен, сен сүйетін қыз судың қос тамшысындай өзіңе ұқсайтын болады, өзің сияқты жігерлі, өзің сияқты ақылды. Өз сенімімен, өз ақиқатымен, өз соқпағымен жүреді.

Оның жүрегі жараланған болса да, қателескен болса да, таңдауына құрметпен қарасын. Тілі ащы болса да, шыншыл болсын. Саған ешқашан өтірік айтпайтын, адалдығымен тәнті ететін болсын. Жан дүниесінде не боп жатқанын көзінен көріп тұрасың, себебі саған қарағанда жанары оттай жанып тұрады. Қорықпа, жүрегіңнің үніне құлақ түр, ол саған тура жолды көрсетеді. Ұлым, маған сен, ол да сені дәл осылай іздеді.

Бір-біріңе қараған кезде, туғалы танитын жандай боласыңдар!»

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: amur.kz
Қосылған күні: 17 қаңтар 2017, 12:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.