«Үлкәр» әдісін естіп пе едіңіз?

«Үлкәр» әдісін естіп пе едіңіз?
Фото: google.kz

Жаугершілік заманда қан төккен, жандарын құрбан еткен батырларымыз санаулы емес. Әрбірінің өз орны, өз ерлігі бар. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес ұзақ ғасырға созылған бітпес шайқас еді. Бірақ хас батыры, дана патшасының арқасында қазақ соғыстың сахна төріне жеңімпаз болып келді. Бір қызығы, біз тек ерліктерін дастан етіп, жыр етіп жүргенімізбен, сол батырлардың соғыста қандай айла, қандай әдіс пайдаланғанын біле бермейіз. Сіз «Үлкәр жәірік» дейтін әдісті естіп пе едіңіз?! Тіпті сөздің өзі тіл оралымына қиын соғатын бұл әдіс қазақтың жеңісіне себепкер болған.

«Үлкәр» әдісі – он жүздікке бөлініп, көп қолға шабуыл жасау. Мәселен жаудың қолы бес мың болса, қазақ батырларының саны мың ғана болса, қолбасшы оларды үлкәр әдісіне салған. Бұл дегеніміз – мың сарбазды он бөлікке бөліп, әр ондыққа жүз сарбаздан қою деген сөз. Бес мың қолды шетінен емес, жанына емес, тура ортасынан жарып кіру арқылы жеңіске жеткен. Әрбір жүздік кезек-кезегімен жау ортасына кіріп, жаудың әлі құрып, саны біткенше соғысқан. Ал бұл әдісті пайдаланған қолбасшы ақылды да әрбір жүздікке енген батыр баһадүр болған.

Тарихы таңбалы қазақтың батырлары жайында аңыз айту бір басқа, олардың ерліктерін көрсететін әдіс пен айланы сөз ету бір басқа. Сондықтан тамыры тереңде жатқан қазақтың соғыс өнерінің қыр-сырын білу парызымыз. 

М. Ақан