Жалғыз өзімнің қолымнан не келеді?
Фото: Айдар Мырзабек

Жалғыз өзімнің қолымнан не келеді?

Өмірде барлығы әлемді өзгерткісі келеді, бірақ ешкім өзін өзгертуді ойға алмайды. Әлемнің құрауыштары өзіміз болғандықтан, өміріміз өрілуі 90% өзімізге, 10% жағдайға байланысты екенін ұғынайық.

Білген ақпаратыңызды, қоғамдық көзқарасыңызды, әлемдік жаңалықтарды өзгелермен бөлісіңіз. Өзгенің дамуына үлес қосу арқылы өзіңіз де жетілесіз.

Алкогольді ішімдік, темекі, есірткі секілді зиянды нәрселерді сатып алуды доғарыңыз.

Тауар таңдарда Отандық өнім болуына көңіл қойыңыз. Өзіңіз де жаңа бұйым өндіруге талаптаныңыз.

Жаныңыз бен тәніңіз қоршаған ортадан қуат алуға мүмкіндік беріңіз. Демалысты түнгі клуб пен бардан емес, табиғат аясынан табыңыз.

Ешкім кедергі келтірмейтін, тыныш, таза ауалы жерде, яғни қала сыртында өмір сүріңіз. Онда өркениет болмаса да, мейірім бар. Жұмысыңыз қалада болса да, ауылда демалатын үйіңіз болсын.

Түп-тамырыңызды, тарихыңызды ұмытпаңыз. Өткен заманның қателіктерінен сабақ, жетістігінен үлгі алыңыз.

Күн көзін көбірек көріп, жайдары жүріңіз.

Мән-мағынасы жоқ фильмдерден бойды аулақ ұстаңыз. Өз білгеніңізді өзіңізге айтып беретін кітаптарға да уақыт құртпаңыз. Ғаламторда сурет көріп, пайдасыз бағдарламалар қарағанша, керек дерек игеріңіз.

Түк пайдасы жоқ дәрілер іше бергенше, халықтық шипамен емделіңіз.

Жер денесіндегі бос жүрген жәндік болмай, табиғатты қорғап, ресурсын көбейтіңіз.

Шын жүрегіңізбен және қайтарымын күтпей жақсылық жасаңыз. Шығындалған энергияның орны толады.

Мүмкін болғанынша жаяу жүріңіз, денеңіз үнемі қозғалыста болсын.

Рухани қорыңызды әрдайым молайтып отырыңыз. Ертең балаларыңыз бен немерелеріңізге не қалдырарыңызды ойлаңыз.

Несие, қарызға ақша алу дегендерден іргеңізді аулақ салыңыз. Дер кезінде қажетіңізге жарағанымен, соңы жақсылыққа апармайды. Оның орнына кез келген жағдайға артық ақша жинаңыз.

Жаңа технология тілін меңгеріңіз, соның ішінде ақпараттық технология тілі аса пайдалы. Оны өз кәдеңізге жаратыңыз және әлемге де септігіңізді тигізіңіз.

Химиялық зиянды заттар қосылған дүкен сөресіндегі азық-түлікті емес, бақшада өсетін табиғи өнімді тұтыныңыз.

Қыз болсаңыз жігітке, жігіт болсаңыз қызға зор құрмет көрсетіңіз. Жұбыңыздың көзіне шөп салмаңыз.

Өзіңіз тұратын жерді жақсылап таныңыз.

Өмірге көзқарасы өзіңізбен бірдей адамды іздеңіз. Үнемі жаңа достар табуға талпыныңыз. Жақсы дос – ұлы байлық.

@. @assel_assanova