Адамдар биіктіктен қорқу себебі

Адамдар биіктіктен қорқу себебі
Фото: Досжан Балабекұлы

Биіктікке көпшілігіміз құмармыз. Ұшақпен саяхаттап, парашютпен секіріп, биік әткеншекке мініп көңіл көтерсек, жанымыз рахаттанады. Алайда одан қорқатын адамдар да бар. Тіпті көзі көретін жануарлардың өзі қорқатыны дәлелденген. Бір қызығы, қыздарға қарағанда жігіттер көпшілігі биіктіктен қорқады екен.

Биіктіктен қорқу ауруы – акрофобия деп аталады. Жай қорқу мен акрофобия ауруын шатастыруға болмайды. Биіктікке шыққанда көпшілігінің басы айналып, жүрегі айниды. Ал акрофобия ауруы бар адам мұндай белгіні қарапайым үстел үстіне шыққанда да сезінеді. Мұндай адамдардың кейбірі бірнеше қабатты биік ғимарат төбесінде еркін жұмыс істеуі мүмкін.  Демек, әркім әртүрлі деңгейдегі биіктіктен қорқады.

Белгілі бір биіктікке көтерілген кезде қорқыныш сезімі пайда болса, өзіңізге «Менің тұрған жерім шынымен қауіпті ме? Қандай қауіп тууы мүмкін?» деген сұрақ қойыңыз. Шынында да қауіптілік бар болса, онда бұл барлық адамға тән қорғаныс сезімінен туындаған.

Қорқынышпен күресу тәсілдері:

– биіктікте жұмыс істейтін құрылысшы, терезе тазалаушы, скалолаз мамандармен көбірек сөйлесіңіз.

– биіктіктен қорқатын адамдармен де пікір бөлісіңіз.

– өзіңізді биіктікте тұрғандай елестетіп, бой үйретіңіз.

– ойын-сауық орталықтарындағы 5D көзілдірігін киіп, биіктікке үйренісуге тырысыңыз.

– кофеиннен бас тартыңыз.

@. @assel_assanova