"Біз 21 жастан кіші балаларға алкоголь сатпаймыз"

"Біз 21 жастан кіші балаларға алкоголь сатпаймыз"
Фото: massaget.kz

Қалада жасы кіші балаларға заңсыз алкогольді өнімдер сатылатын жағдай көптеп кездесіп жүр. Осыған орай, бүгін 11 қазанда "АДК" ойын-сауық орталығында 21 жасқа толмаған балаларға алкогольді өнімдерді сатпауды қолдау мақсатында концерт ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты - қала тұрғындарына "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңнамаға сәйкес 21 жасқа толмаған балаларға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынатындығын еске салу. Шарада қазақстандық әншілер қатысып, өнерлерін көрсетті. 

Шараның жүргізушісі Роман Альманский "Біз ішкіш адамдарды емес, көңілді адамдарды қолдаймыз" деп, жиналған көрермендерді ортаға биге шақырды. 

Сахнаға әнші Гуля Төлегенова шығып, Нұрғиса Тілендиевтің "Куә бол" әнін орындады.

Әнші Есет Сәдуақасов "Әкешім-анашым" әнін орындап болған соң, концерт ұйымдастырушыларынан "Біз 21 жастан төмен балаларға алкогольді сыра сатпаймыз" деген жазуы бар футболканы сыйлыққа алды. Және де жұмысқа киіп жүретіндігін айтты.

Сахнаға барлық жанрдағы әндерді заманауи түрде әсемдеп орындайтын "Домбыра" триосы шықты.

"Домбыра" триосы осындай шараларды қолдайтындығын, "Сау болашақ - еліміздің ертеңі" деп "Қара жорға", "Сен сұлу" т.б. шығармаларды орындады.

Бүлдіршін көрермендер домбыра үніне қызығып, билеп, көңіл көтерді.

Әнші Нұрмағанбет Нәренбаев та өнерін көрсетті.

Концертті әнші Сейфуллин Жолбарыс аяқтады. Көңілді әндерімен халықты ортаға биге шақырды.

Көрермендер суретке түсіп те үлгерді.

Концерт аяқталған соң, Сейфуллин Жолбарыс тыңдармандарымен суретке түсуге уақыт бөліп, жанкүйерлерін қуантып алды. 

Біз де 21 жасқа толмаған балаларға алкоголь өнімдерін сатуға қарсымыз. Біздің болашағымыз  — бүгінгі жас ұрпақ. Осындай шаралар көптеп ұйымдастырылып, жастарды тәрбиелеуге, олардың салауатты өмір салтын ұстануына себебін тигізсе екен дейміз.

А. Жапатова