Миллион "мықтыға" бұйырды (видео)

Миллион "мықтыға" бұйырды (видео)
Фото: dw.com

Мына видеодан "Миллион кімге бұйырады?" ойынының тарихындағы ең елеулі, бірегей оқиғаның куәгері бола аласыздар. Бұл оқиғаның басты "батыры" - Джон Карпентер есімді АҚШ азаматы. Ол бірінен-бірі өткен күрделі сұрақтарға қиналмастан жауап беріп, 1 миллион АҚШ долларын қанжығасына байлаған.

Иә, Джон Карпентер - "Миллион кімге бұйырады?" интелектуалды ойының жеңімпазы атанған АҚШ-тағы алғашқы азамат. Аталмыш оқиға осыдан 16 жыл бұрын орын алса да, (1999 жылдың 19 қарашасында) телебағдарлама тарихының төрінен орын тепкен.

30 жастағы Коннектикут штатының тұрғыны Джон Карпентер ойын орындығына отырған кезде, қарапайым салық қызметкерінің барлық сұрақтың жауабын тауып, жеңімпаз атанады деп екшім ойламаған еді. Ал Джон бірде-бір жеңілдік түрін қолданбай, бір деммен миллионды қалтаға салатын "соңғы" сұраққа келіп жетеді. Нағыз қызық осы жерде басталады. Себебі Джон бiр жеңілдікті қолдануға бел шешіп, әкесіне қоңырау шалуды өтінеді. Енді миллионердің әкесі не дейді екен? Оны мына видеодан тамашалаңыздар.

Е. Жұмабайұлы