Мейірімді Цукерберг

Мейірімді Цукерберг

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және бас директоры Марк Цукерберг пен оның жары Присцилла Чан Сан-Франциско қаласындағы ауруханаға 75 миллион АҚШ долларымен ақшалай көмектесті.

«Бұндай көмек біз үшін аса маңызды еді, өйткені қаражат реанимациялық бөлім мен травматологиялық орталықтың құрылысына жұмсалады. Цукербергтің қайырымдылығы 1994 жылы салынған біздің аурухана тарихындағы ірі игі істердің бірі болды», - дейді аурухана басшылығы.

Facebook-тің негізін қалаушы Марктың Сан-Франциско тұрғындарының денсаулығын нығайту үшін бұл қаражаттың көп көмегін тигізеріне сенімі мол. Цукерберг өзінің бұндай игі ісін «Барлық адамзат баласына сапалы медициналық қызмет көрсетілуі тиіс деп ойлаймыз. Сан-Франциско – біздің үйіміз, осы қалада тұрамыз, жұмыс істейміз, сондықтан, жергілікті халыққа қолымыздан келгенше, көмегімізді көрсеткізгіміз келді» деп түсіндірді.

Оқи отырыңыздар:

1. Жүрегінде жылу бар жүз бір адам (Видео)

2. Ұрыға көмек көрсеткен полиция қызметкері

3. Ең ерекше туған күн сыйлығы

4. Қытайлық қайырымды кәсіпкер

Сурет: s.fishki.net

Е. Жұмабайұлы