Сөз тартыста жеңіске жеткіңіз келсе

Сөз тартыста жеңіске жеткіңіз келсе
Фото: hakamada72.ru

Сөз шебері, риторика саласында үлкен еңбек етіп жүрген Ирина Хакамада ұсынған бірнеше кеңеске көңіл бөліңіз. Ол сізді сөз тартыс майданында жеңіске жетелеуге тырысады. 

1. Ең бірінші мына заңдылықты білу керек: пікірталас кезінде ақиқат тумайды, ол қарым-қатынас кезінде туындайды. Мен саяси пікірталас жайында айтып жақтаным жоқ. 

2. Анық айтыңыз әрі қысқа болсын. 

3. Дауыс тоныңызды түсіріп сөйлеңіз. Әрине, ақырын сөйлеуге де болмайды. Бір текті тонды ұстап тұрыңыз. 

4. Жаттанды сөздерден гөрі, аяқ астынан образдар ойлап тауып, ерекше бір үлгіде сөйлеуге тырысыңыз. Бұл сізді тыңдап тұрған адамның көңілін көтереді. 

5. Отыз тістен шыққан сөзіңізге өзіңіз қарсы келмеңіз. Себебі атылып кеткен оққа қайтып қарсы келу өліммен тең. Сондықтан алдымен не айтасыз шешіп алыңыз. 

6. Қарсы пікір білдіруші сөйлеген кезде оның көзіне тура қараңыз. Тіпті көзіңізді алмаңыз. Сіз осы бір әдіс арқылы көп нәрсені байқай аласыз. 

7. Егер қарсы жақтағы адамның абыройы сізден жоғары болса, сіз төмен болсаңыз немесе керісінше жағдай болса, қолыңыза қағаз бен қалам алып жазып алуға тырысыңыз. Бұл сіздің оған деген құрметіңіз. Яғни «ұмытып қалмайын» деген ойдың бір түрі. 

8. Сізбен сөз таластырып тұрған адамның тілінде сөйлесіңіз: әнші болса әнші болып, суретші болса суретші болып, кедеймен кедей секілді, баймен бай секілді. Бұл қарсыласты әлсіретуге пайдалы. 

9. Қарсыласты жау көрмеңіз. Жай ғана оның айтқанына келісе отырып «сөзіңіздің жаны бар» деп, жігерлендіріп қойыңыз. Бұл ол адаммен қарым-қатынас орната отырып, өзіңіздің айтқаныңызға көндіруге жақсы. 

10. Не алдыға түсіп сөйлемеңіз, не жұрттың соңы болып жауап бермеңіз. Бір қалыпты болыңыз. 

М. Ақан