«Балам адам болып өссін» десеңіз...

«Балам адам болып өссін» десеңіз...
Фото: instarix.com

Бала тәрбиесі – қоғамдағы ең бір жауапкершілікті талап ететін әдіс-тәсілдің бір түрі. Қазақта «ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деген жақсы сөз бар. Ендеше балаға сіз бала күнінде қандай тәрбие берсеңіз, балаңыз сол жолымен дамиды, өседі. Бірақ кейде ата-аналар балаларына қарым-қатынас жасау кезінде түрлі қателіктерге бой алдырады. Сақ болыңыз!

Мүмкін емес нәрсені баладан талап етесіз

Мектеп бағдарламасындағы есептің бәрін шығару не оны білу кез келген баланың қабілетіне берілмеген. Егер балаңыз шығармашылықтың адам болса, оны есепке салып, мүмкін емес математикалық амалдарды шығартып, басын қатырудың қажеті жоқ. Шамасы келмесе, «сен есеп шығара алмайсың» деп сөгудің қажеті жоқ.

Балаңыздың қауіпсіздігі үшін алаңдау керек

Иә, балаңыз үшін алаңдап тұрыңыз. Оның өзіне де естіртіп айтыңыз. Себебі бала сіздің алаңдаған түріңізден өзіне қауіптің барын сезіне білу керек. Бұл түрлі жаман адамдардың алдап алып кетуінен сақтайды.

Ең маңызды сөздерді ұмытып кетпеңіз

Балаңызға «сен ешқашан...», «сен өмірі...» деп тікелей қаратып ұрыспаңыз. Керісінше, бала бәсекелес болу үшін үшінші жақта пайдаланып ұрсыңыз. Мәселен «сенен басқалары ендігі оқып бітті» деген секілді жылы сөзбен жауап беріңіз.

Балаңыздың бетінен қақпаңыз

Сурет салып отырған немесе ойыншықтардан үй құрастырып отырған балаңызға келіп: «қашанғы сурет саласың, бар сабақ оқы» деп айтудың қажеті жоқ. Себебі бала өзінің қалауымен жұмыс жасап отыр. Бір сөзбен айтқанда оның шығармашылық өміріне араласпаңыз.

Қалауын орындап тұрыңыз

Кейде балаңыздың ерте жатуға көңілі тартпайды немесе ойнағысы келеді. Осы сәтте оның көңілін қалдырып, «жат» деп немесе «жоқ» деп тіке жауап беру арқылы бетін қайтарып тастамаңыз. Себебі баланың не қалап тұрғанын сіз білмейсіз. Сіз тек баланы тәрбиелеп жатырмын деп түсінесіз.

М. Ақан