Басқалар сізден бақытты болып көрінсе...

Басқалар сізден бақытты болып көрінсе...
Фото: youtube.ru

Қымбат көлік, керемет үй, көп ақша болса, сіз өзіңізді баймын деп санайсыз. Ішкі эгоңыз артып, адамдарға төбеден қарай бастайсыз. Бұл байлық атаулысының бір заңдылығы ғана. Тіпті көршіңіздің арзан көлігіне менсінбей қарап, оған өзіңіздің қандай бай екеніңізді көрсеткіңіз келеді. 

Сіз көршім мені бай деп ойлайды, қымбат көлігі бар қандай бақытты адам деп ойлайды деген оймен жүруіңіз мүмкін. Бұл ой сізді іштей жеп, паңдыққа әкеледі. Сіз өзіңізді өте керек және маңызды адам санайсыз. Өзіңізді бағалау деңгейі шарықтау шегіне де жетеді. 

Ал керісінше алып қарайық, сіздің көршіңіз бай әрі қымбат көлігі болса, сіз оған қызыға да қызғана да қарайсыз. Ал бұл сіздің өзіңізге берер бағаңызды төмендетеді. Мазасыз ойлар жегідей жейді. Бұл ойлар мәңгі айналып жүреді. Өмірдің де бір кем дүниесі осы. Бірде өзіңізді көтересіз, бірде түсіресіз. 

Жазушы әрі философ Шарль де Монтеське кезінде былай деген екен: «Біз жай ғана бақытты болғымыз келсе, бола аламыз. Ол оп-оңай. Бірақ біз өзгелерден де бақытты болуға асығамыз. Ал, бұл тіпті мүмкін емес нәрсе. Бақытты қол жетпейтін дүние деп бағалайтынымыз сондықтан болар ». 

Қоғамда адамдардың белгілі бір тобы пайда болады. Олар бай емес, бірақ бай секілді өмір сүруді қалайтындар. Мәселен байлар өте қарапайым. Себебі олар қымбат көлік, қымбат киімге қызықпайды. Олар ақшаның құны мен мәнін біледі. Бұл парасат көкжиегіне жеткен кезде пайда болатын ерекше түсінік. Ал бай болу басқа, бай секілді өмір сүру бір басқа.

Бай адам мен бай болып көрінгісі келетін адамның айырмасы

Байдың киген киімі 100 АҚШ долларынан аспайды. Ал бай секілді өмір сүргісі келетін, қоғамның арзан түсінігіне алданып жүрген адамның қанша ақша жұмсағанын көрдіңіз. 

Бай болып кетсеңіз, тасымаңыз. Байлыққа жете алмасаңыз, жасымаңыз. Себебі бақыт байлықта емес. Әркімнің өз қолында. 

М. Ақан