Сізге қарсы пікір жазылса...

Сізге қарсы пікір жазылса...
Фото: Вконтакте

Шығармашылық адамдар үшін сын-пікір есту бір жағынан жақсы әрі жаман нәрсе. Олардың туындысы жарыққа шығысымен оқырман оқып, өз ойын айтады. Автор оған көнеді және өз пікірін алғыс ретінде білдіріп жатады. Дегенмен дәл осындай кері пікірлер сізге жазыла қалса не істейсіз? 

Сабыр сақтаңыз 
Сабыр – ең ұл ұстаз. Сабыр сақтау арқылы сіз ашуды жеңесіз. Жеңіп қана қоймайсыз, екінші жақтағы адаммен болатын үлкен даудан аман қаласыз әрі қоғам алдындағы абыройыңыз артады. 

Ашуға салынбаңыз 
Тікелей сізге қарама-қарсы жазылған пікірге ешқандай эмоция білдірмеңіз. Ол тек сіздің жүйкеңізді тоздырмаса, басқа ешкімнің ештеңесі кетпейді. Күліп қараңыз. Мән беріңіз әрине, бірақ сабақ алыңыз. 

Пікірді кез келген адам айтады 
Сізге кез келген адам пікір айтады. Біреуі біліп, біреуі білмей. Тіпті сіз жайында ештеңе білмейтін адам да пікір айтады. М.Әуезовтың «ит мені қапты екен деп, оны барып қапсам менің адамдығым қайда қалады» демекші, сіз адамдық қалпыңызды сақтаңыз! 

Кейде пікір пайдалы 
Шынымен де, кез келген адам пікір қалдырғанымен олар сізді қызғанып, мақтап немесе даттап жазады. Бірақ сіз туралы қоғамда сөз болса, ол жаман болсын, жақсы болсын сізге пайдалы. Себебі танымал боласыз. Жаман пікір қалдырған болса, «ол кім?» деген сұрақ әркімнің ішінде жүреді. Ал бұл сізді арнайы іздеуге әкелетін мүмкіндік. 

Қарсы жауап бермеңіз 
«Алғыс айтамын», «рақмет», «ескеремін» деген секілді сыпайы жауап қалдырыңыз. Бұл жауаптармен сіз үлкен сый ұтасыз. Ол сый сізге алда керек болатын үлкен сый. Сондықтан кішпейіл әрі қарапайым болудан қашпаңыз. 

М. Ақан