Дедлайнға үлгеруге арналған 5 кеңес

Дедлайнға үлгеруге арналған 5 кеңес
Фото: samequizy.pl

Дедлайндар бізді креативті болуға үйретеді. Бірақ бәрібір жұмысты белгілі бір мерзім аралығында және сапалы түрде жасау қажет. Табысты болу үшін уақытқа ілесіп отыру қажет және әр нәрсені өз уақытында жасау керектігін ұмытпаған абзал. Ол үшін, яғни барлығына үлгергіңіз келсе, мына 5 кеңеске құлақ түріңіз: 

1. Дедлайнға деген түсінікті өсіру 

Біз бір нәрсені саналы түрде ерекше әдіспен жасағанда, әдеттер пайда болады. Олар саналы түрде туады, содан соң бейсаналы түрде әрекет етеді. Дедлайнға үйренген сайын, сіз олар үшін бас қатырмайтын боласыз. 

2. Ақылды әрі тәжірибелі болыңыз. 

Алдымен бір жұмысты істер алдында, оның керек мерзімде істеп үлгеретініңізге мән беріңіз, яғни күнтізбеңізге немесе өзіңіздің жұмыс кестеңізге қараңыз. Кіріске қарамаңыз, жұмысты істеп бітіруге шамаңыз келе ме, соған көбірек мән беріңіз. 

3.Өзіңізді ұйымдастырыңыз және әсерлі болыңыз. 

Көптеген адамдар кестесіз әрі жылдам жұмыс жасап кете алады. Егер бұл сіз жайында болса, онда осылай қала берсін. Бірақ негізінде дедлайнмен жұмыс жасайтындар ұйымдастырушылықты қажетсінеді. Күнделік жазу бұл жағынан көмек бере алады. Күнделікті сізге не істеу керек екенін жазып отырыңыз, кейін істі бітірген соң өшіріп отырыңыз. 

4. Еске түсіргішті қолданыңыз. 

Тіпті ақылды адамдар да не істеу керек екенін ұмытып қалып жатады. Еске түсіргіш осындай жағдайларда керек. 

5. Көмек сұраңыз. 

Екі бас бір бастан жақсырақ. Көп бас – одан да жақсы. Сіз достарыңызбен, жанұяңызбен сізге не істеу керек жайында ақылдасып немесе көмек сұрай аласыз. Басқаның тәжірибесі сіздің жұмысыңызға керек болып қалуы әбден ықтимал.

Ж. Жұмағұлов