Жігіттер иіссуын пайдалану қағидалары

Жігіттер иіссуын пайдалану қағидалары
Фото: womenfancies.ru

Денеңіздің жағымсыз иісін жасыру үшін күнделікті парфюм сеуіп жүргеніңіз абзал. Сіздің мұнтаздай таза киім кигеніңіз бен үстіңізден шығатын иістің рөлі зор екенін ұмытпағайсыз. Хош иісті иіссуды қалай дұрыс пайдалану туралы біраз кеңесті назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Сонымен алғашқы кеңесіміз, иіс суды орынды жерлерге сеуіп үйреніңіз. Жүректің тұсына, құлақтың артына, және мойынға сепкен иіс бәрінен ұзаққа сақаталады. Әрбір қимыл әрекет орын алған сайын, парфюмнің де иіс шығару мүмкіндігі көп болады. 

Екіншіден парфюмге "шомылып алмаңыз", бұл, әрине, тіркес қана. Үстіңізге мөлшерден тыс хош иіс пайдаланудың қажеті жоқ. Өзіңізге аса сезілмейтіндей етіп сепсеңіз жеткілікті. Дұрыс пайдаланған парфюмнің иісі екі-үш метр жерден де жақсы шығады.

Парфюмді дезодарант, гель сынды нәрселермен араластырудың қажеті жоқ. Себебі бірнеше иісті пайдалансаңыз, үстіңізде нақты қандай иіс бар екенін өзіңіз де білмей қаласыз. 

Жаз мезгілінде жеңіл иісті парфюмдер пайдаланғаныңыз дұрыс.

Ата-анасымен бірге тұратын азаматтар әдетте әкелерінің иіс суын пайдаланады. Бұл талғамға байланысты. Егер әкеңіз жақсы иіс сулар таңдаса неге бөліспеске?! Ал, ескі иіс суларды пайдаланатын болса, онда сізді ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Яғни талғамы жоқ адамдар қатарынан бір-ақ шығасыз. 

Біздің мұндай зерттеуімізге әрине қыздардың пікірі себеп болды. Олар жігіттерінің иіс суды дұрыс пайдалануын әрқашан қадағалайды екен. Сондықтан сіз өзіңізге бір рет қараумен шектелсеңіз, қыздар сізге он есе артық назар аударады.

B. ZHAQSYMBET