Электронды темекі зиянсыз ба?

Электронды темекі зиянсыз ба?
Фото: polezniesoveti.net

Көптеген адам қораптағы темекінің орнына электронды темекі пайдалануға көшті. Америкалық ғалымдардың сөзіне сеніп, электронды темекінің зияны жоғын әрі ыңғайлылығын байқаған жұрт жаңа затқа тез үйір болды. Алайда, бүгін Гонконг ғалымдары  электронды темекі соншалықты мақтауға тұрарлық қауіпсіз емес екенін ескертті.

Гонконг Баптист университетінің мамандары жаңадан шыққан бұл құрылғыны мұқият тексеруден өткізген. Сапалы жұмыс жасаған зерттеушілер арқасында электронды темекі құрамында формальдегид, полициклдік хош иісті көмірсутек, белгілі канцерогендер бары расталған. Электронды шылым сұйықтығының құрамынан гармондар қызметіне кедергі келтіретін қауіпті заттар табылған.  

Құрамында адам денсаулығына қауіпті заттар жоқ деп сауда айналымына еркін шығып кеткен электронды шылымды пайдаланар алдында жақсылап ой елегінен өткізіп алғаныңыз дұрыс. Өйткені жаңадан шыққан темекі де рак ауруына шалдықтыруы әбден мүмкін. Сәл ғана құмартамын деп, қуатты денсаулығыңызды құлатып алмаңыз.

B. ZHAQSYMBET