Әр жігіт білуі тиіс

Әр жігіт білуі тиіс
Фото: jadis.kz

Жол жүру ережесі мен заңдардан басқа жігіттер білуі тиіс «болады», «болмайды», «әрдайым», «ешқашан» деген жазылмаған қағидалар бар. Ұнаса – ұстаныңыз. Келіспейтін тұстарыңыз болса, өз ойыңызды білдіріңіз.

Балаға орындай алмайтын ісіңіз туралы уәде бермеңіз. Өз кезегінде тіліңізді алмаса, сіз де орындаған жоқсыз ғой деп тығырыққа тірейтін болады.

Егер досыңыз не өзге де жақын жаныңыз милиция бөлімшесінен хабарласып, көмек сұраса, бар күшіңізді салып, қолыңыздан келгенді аяп қалмаңыз.

Досыңыз не оның қызы (келіншегі) жайында қойылған кез келген сұраққа «білмейм» деп жауап беруге құқыңыз бар.

Бөтелкенің (құтының) қақпағын құйып болған бойда, бекітіп жауып қойыңыз.

Егер бір ғана есікке кезек күтіп тұрған адам көп болса, басқа қызмет көрсету орнына барыңыз. Еш мүмкіндік болмаған жағдайда ғана кезекке тұрыңыз.

Жаңбыр жауғанда жүгіріп, қашып, күлкіге қалмаңыз.

Пиццаны нанына ұстап, қолмен жеуге болады.

Өзіңіз нақты сенімді болмайынша қызға үйленуге, кездесуге уәде бермеңіз.

Жолда жүрудің үш «ж» ережесі бар: жындыға жол жаса.

Сатушылармен, даяшылармен, қоғамдық қызметкерлермен ешқашан сөз таластырмаңыз. Шу шыққан жағдайда бірден бастығын шақырыңыз.

Қызыңыздың құрбыларының жігітімен (күйеуімен) тым жақын араласуға міндетті емессіз.

@. @assel_assanova