Егер үтік болмаса...

Егер үтік болмаса...
Фото: bogiremonta.ru, homester.com.ua

Киім үтіктеудің қиындығы бөлек. Әсіресе бұл жағдай жалғызбасты ер адамдарға қиындық туғызып жатады. Кейде үтіктейін десең, үтік болмай қалатын кездер де болады. Бірақ үйде үтік жоқ екен деп, мыж-мыж киіммен көшеге қалай шығасыз? Массагет сізге бұл тығырықтан шығудың да жолын көрсетпек. Үтік жоқ кезде киімнің қыртысын қалай кетіруге болады?

Ол үшін бізге не керек?

- Себетін қондырмасы бар таза бос бөтелке;

- 1 ас қасық шашқа арналған кондиционер;

- 1 ас қасық ақ сірке суы;

- 2 стақан тазартылған су

Жоғарыда көрсетілген өнімнің бәрін кезегімен бөтелкеге құйыңыз. Одан соң жақсылап шайқаңыз. Дайын болған соң бөтелкенің шашқышынан киімнің мыжылған бөлігіне құрамды сеуіп шығыңыз. Сосын қолмен киімнің құрамы  себілген бөлігін қолмен тегістеп шығыңыз да, кеуіп орнына келгенше ілгішке іліп қойыңыз.

Оған дейін жуынып, аяқ киім тазалап, заттарыңызды түгендеп алыңыз. Сол арада мыж-мыж болған киіміңіз тегістеліп үлгереді.

 

А. Әбілхан