АҚШ жасырып отырған құпия қарулар

АҚШ  жасырып отырған құпия қарулар
Фото: hi-news.ru

Қазір ақпараттық соғыстың заманы. Қолына қару алып шабуыл жасауды емес, адам санасымен, идеологиясымен күресу басталып кетті. Дегенмен әр елдің өз ішіне тән әскери құпиялары бар. Солардың бірі әлемдегі әскері ең қуатты АҚШ. Америка әскери орындары жасырып отырған құпия қарулар қандай болуы мүмкін?

Қуат көзін пайдаланатын қару

Осыдан 2000 жыл бұрын қуат көзі арқылы қару жасап, жауына тойтарыс бере алған Архимедтің әдісін білетін боларсыз. Алып айнаға түскен күн сәулесі арқылы кемелерді отқа орап, адамзат тарихындағы ең бір ерекше қарудың түрін көрсетті.

Қазір ХХІ ғасыр бәрін ойлап тауып, құрастыруға болады. Осыны ескерген АҚШ әскери базасы қуат көзі арқылы алыстан басқарылып қана қоймай, нысанасын күл-талқан қылып жіберетін қару жасады.

HEL – ең қауіпті жағдайда және ғарыштан құлап келе жатқан астероидты ерітіп жіберуге арналған лазерлік қару.

Алыс қашықтыққа арналған акустикалық қару

Акустикалық деген атауының өзі –ақ айтып тұрғандай бұл құпия қаруды 2014 жылы Миссури штатында жергілікті полиция пайдаланып көрген болатын. Дыбыс арқылы өз әсерін беретін қарудың аты – LRAD.

Аталған қарудың ұзақтағы – 9 км. Қару дыбысты пайдалану арқылы жүзеге асады. Акустикалық қару жолындағы кез келген тіршілікке әсерін және қауіпін тигізе алады.

Жүрек талмасын тудыратын қару – Heart Attack Gun

Бұл қару ине тәрізді оқпен атылады. Ине денеге өтіп уды жүрекке таратқан сәттен бастап терімен бірге еріп жоқ болып кетеді. Медициналық сараптама қанша жасасаңызда оқтың таба алмайсыз. Ал жарақат алған адам қас-қағым сәттің ішінде жүрек талмасы секілді диагнозбен көз жұмады. Бұл қаруды бұрын-соңды пайдаланған туралы нақты ақпарат жоқ, түрлі алып-қашпа деректер сақталған.

М. Ақан