Hydro Camell II: тұңғыш робот сүңгуір кемесі

Hydro Camell II: тұңғыш робот сүңгуір кемесі
Фото: hi-news.ru

Дамыған елдердің әскери орындарында алыстан басқаруға арналған технологиялар мен роботтар бар. Заманға қарай бейімделіп жатқан әдіс-тәсілдерді пайдалануда Израиль елі қалыс қалған жоқ. Жақында ғана осы елдің әскери базасы өзінің тұңғыш робот сүңгуір кемесін теңізге жіберді. Өзін-өзі басқаруға арналған Hydro Camell II робот сүңгуір кемесі су асты арқылы сол аймақтағы жағдайда бақылауға алады. 

Hydro Camell II робот сүңгуір кемесінің ұзындығы – 2,4 метр. Кеме ішінде түрлі жағдайда түсіруге арналған камералар және тағы басқа қызметтерді орындауға міндеттелген манипулятор жүйесі бар. Hydro Camell II роботының «миы» деп нейронды жүйесін айтуға болады. «Осы технология көмегімен Израйль тек бақылауды ғана емес, су асты байлықтарын зерттеуді де қолға ала алады», – дейді жоба жетекшісінің бірі, профессор Хьюго Гутерман. 

Қазіргі таңда Hydro Camell II робот сүңгуір кемесін шығару жұмыстарымен BG Robotics компаниясы айналысады. 

М. Ақан