ЕС-145 тікұшағы – Отандық өнім

ЕС-145 тікұшағы – Отандық өнім
Фото: sarbaz.kz

Әскери патриоттық тәрбиемен қатар, жастар еліміздегі қарулы күштердің қандай техникамен жабдықталғанын білгені жөн. Соның ішінде ЕС-145 тікұшағы шет елден алдырған техника емес, өзіміздің Отандық өнім.

ЕС-145 – еліміздегі ең танымал және заманға сай құрастырылған тікұшақ. Бұл тікұшақтың атқаратын міндеті көп: десанттарды тасымалдаушы, жедел құтқару қызметін көрсету және жүк тасымалдаушы ретінде қолданыланады.

Ең жоғары бағындыратын биіктігі – 500 метр. Тікұшақ соңғы заманауи техникамен жабдықталған, шуы аз, ұшу барысындағы мінездемесі де ерекше. Ішіне ұшқыштан бөлек 9 адам сыяды. Ұзындығы – 3,42 м; ені – 1 м; биіктігі – 1,22 м; аумағы – 4,72 м; жалпы сыйымдылығы – 6,8 м.

Eurocopter EC-145 тікұшағы – көп қызметті атқарады, еуропалық үлгіде жасалған. 2011 жылдан бастап бұл өндімді жасауға және шығаруға мемлекеттік рұқсат берілген. 2016 жылы «KADEX» бүкіләлемдік көрмесінде таныстырылды.

М. Ақан