Әр елдің әскери киімдері: Испания Патшайымының Гвардиясы

Әр елдің әскери киімдері: Испания Патшайымының Гвардиясы
Фото: vilingstore.net

Әлемнің тыныштығын сақтап, елдің ішіне сырттан жау кірмесін деп Отанға қызмет қылып жүрген сарбаздардың еңбегі ерен. Әр елдің сарбазы әртүрлі. Олардың тактикасы, олардың қарумен жабдықталуы, олардың жаттығу әдістері бәрі алуан түрлі. Сол секілді киім үлгілері де түрлі болып келеді. Ол сол елдің, ұлттың ұлттық киіміне негізделеді. 


Испания әскери күшінің техникасы басым. Әскер саны 130-147,5 мыңға жуық. Халық саны – 47 миллион.


Испан сарбаздары аз болса да, екі бағытта жұмыс жасайды. Біріншіден, ел ішіндегі тыныштық пен адамдардың адамгершілік қасиеттеріне сай, екіншіден, қатардағы сарбаз саны аз болып, ел ішіне қауіп төнген жағдайда Испан Сыртқы істер министрлігі тағы да 312 мың қатардан тыс тұрған сарбазды іске қосады. Міне, бұл – Испанияның басты күші. 

Испанияның сегіз тараудан тұратын Конституциясына сәйкес, ел сарбаздары үш түрлі бөліктен жасақталған: құрлық әскері, теңіз әскері және әуе әскері. Дәл осы секілді арнайы Патшайымның Гвардиясы және тез жинақталушы жасақ та бар.  

М. Ақан