Израильде қаруға арналған құлып жасалды

Израильде қаруға арналған құлып жасалды
Фото: rabstol.net

Израиль өнертапқыштары қаруға арналған құлып ойлап тапты.

Бұл арқылы өзге адамның тапаншасын қолдана алмайсыз. Құрылғы механикалық кодтық диск арқылы блокқа түседі. Оған сондай-ақ сымсыз таратқыш орнатылған. Егер біреу рұқсатсыз қаруға тиісетін болса, иесінің телефонына бірден ескерту жіберіледі.

Жоба авторлары құрылғыны өндіріске шығару үшін ғаламторда қаражат жинау науқанын жария еткен. Оларға 100 мың доллар қажет болған. Алайда өнертабыс көп адамға ұнап, 3 есе көп ақша жиылды.

Енді қаруға арналған құлыпты коммерциялық өндіріске шығару жоспарланып отыр.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы