Тынық мұхитынан Екінші дүниежүзілік соғыста жоғалған ұшақтар табылды

Тынық мұхитынан Екінші дүниежүзілік соғыста жоғалған ұшақтар табылды
Фото: lifter.com.ua

Дайвер-Фотограф Брэнди Мюллер Тынық мұхитының түбінен Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған ұшақтар шоғырын тауып алды. Ұшақтардың көпшілігі жапондық және америкалық болғандықтан, олардың осы уақыт аралығына тиесілі екенін Брэнди оңай аңғарған.

Ол өзінің таңданысын былай деп жеткізген: "Су астынан әдеттегідей кеме емес, ұшақтарды көру таңғаларлық әрі әсерлі оқиға болды. Алғашында өз көзіме өзім сенбедім".

Ұшақтар Маршалл аралдарының жақын жерде орын теуіпті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл жерде үлкен әуе күштерінің шайқасы болған. Әуеде "жаралынып", істен шыққандары құлдилап су түбіне кеткен.

70 жылдан бері 39-40 метр су түбінде жатқан ұшақтардың ішінен мынадай модельдерді кездестіруге болады: F4U Corsairs, TBF/TBM Avengers, Helldivers, B-25 Mitchells, Curtiss C-46 Commandos және F4F Wildcat.

Е. Жұмабайұлы