Теңізшілердің ең сүйікті тапаншасы

Теңізшілердің ең сүйікті тапаншасы

Бұған дейін біз әлемдегі ең үлкен револьвер, аты аңызға айналған Драгунов мылтығы, экзотикалық қарулар туралы айтқан болатынбыз. Ал бүгін он сегізінші ғасырдағы теңізшілердің ең сүйікті тапаншасы Duck Foot (үйрек табаны) жайлы әңгімелейтін боламыз. Ол – бірден бірнеше оқ ататын көп ұңғылы пистолет. Өз заманында әскери адамдар, теңізшілер, революционерлердің арасында кеңінен тараған. 

XVIII ғасырдың аяқ жағында кемешілерге абордажға алушылардан қорғану үшін қару-жарақтар керек болады. Сонда олардың қолдарына Duck Foot түсіп, талайлардың бетін қайтара білген. 

Тапаншаның басы үйректің табанына ұқсайтын болғасын, оны Duck Foot деп атайды. Сонымен қатар қарудың калибрі әртүрлі, оқпандары иір ойықты және алмалы-салмалы. Сондықтан сол замандағы теңіз қарақшылары үшін таптырмас қару – осы Duck Foot болған. Толығырақ төмендегі суреттерден көре аласыздар. 

Сурет: billionnews.ru, masterok.livejournal.com

Ж. Исакаев