Канадалықтар интеллектуалды басқарылатын шабуылдау автоматын шығарды (Видео)

Канадалықтар интеллектуалды басқарылатын шабуылдау автоматын шығарды (Видео)

Канаданың қауіпсіздік құралдарын дамыту агенттігі (Defence Research and Development Canada, DRDC) ғаламторға қосылу арқылы басқаруға болатын смарт-автоматтың прототипін таныстырды. Жаңа қару 2009 жылдан бері АҚШ-тың Colt компаниясымен біріге құрастырыла бастаған. Автомат екі түрлі модульден тұрады. Айта кетсек, жеңіл ату автоматын жарылғыш бомба лақтыра алатын құралға қолмен өзгерту арқылы ауыстыруға болады. Құрал НАТО стандартына сай сынақтан өткізіліпті. Бұл туралы United Press International басылымы жазып отыр.

Сонымен қатар, канадалықтардың жаңа автоматы электронды-оптикалық дәлдеу тетіктерінің арқасында алынған нысананы нақты көре алады. Бір сөзбен айтқанда смарт қару көзделген насынды қатесіз дәл атып түсіреді екен. Оның қосалқы модульдері 12- және 40-миллиметрлі оқтарды қолданады.

Автоматтың оқ торабы әдеттегідей алдында емес, қолданушыға оңтайлы болатын артқы жағында орын тепкен. Бұл автоматтың кеудеге қонымды және жеңіл болуын қамтамасыз еткен.

Канада әскерінің подполковнигі Серж Лапуанттың айтуынша, жаңа смарт-қару қала іші, тау, орман, шөл, тіпті Арктика сынды қолайсыз әскери қақтығыс аймақтарында қолдануға төзімді әмбебап болып отыр.

Сарапшылар канадалық автоматтың смарт құрылымының мүмкіндігін ескере отырып, TrackingPoint мылтығымен бір деңгейге қойған.

Сурет: hi-news.ru

Оқи отырыңыз: 

Аустриялық әскери әмбебап қару (AUG)

Аты аңызға айналған Драгунов мергендік винтовкасы

«Taurus Curve» жаңа заман тапаншасы

Калашников автоматы туралы деректер

Ж. Өрісбай