Алыстан басқарылатын «құтқарушы балон»

Алыстан басқарылатын «құтқарушы балон»
Фото: blogs.voanews.com

Демалыс уақытында теңізге, көлге, өзенге барып демалу адам ағзасы үшін де, оның физикалық қозғалысы үшін де өте пайдалы. Дегенмен суда жүзе білу жағы барлық дерлік адам баласында бола бермейтін нәрсе. Біреуі қорқады, біреуі әлі үйреніп жүр. Ал бұл қателіктің кесірінен адам өмірі құрдымға кетуі мүмкін. Сондықтан әрбір демалыс орындарында, жағажайларда құтқарушы құрама немесе топ болады. Олардың міндеті адам өмірін сақтап қалу және суға батып бара жатқан жандарға көмек көрсету. 

Көмек көрсетуші тек адам ғана емес. Арнайы құрылғылар да бар. Соның бірі – құтқарушы балон. Соңғы жаһандық дамудың әсерінен бұрынғы «құтқарушы балонның» қызметі тоқтауы мүмкін. Яғни енді адамға балонды жақын жерден лақтырып, қолына бермейміз. Автоматты түрде басқаруға болатын, алыс және жақын қашықтықтан да пайдалануға болатын «автомат құтқарушы балон» жарыққа шықты. 

Алыстан басқару тетігі бар балон арқылы сіз алыс қашықтықта тұрып суға батып бара жатқан адамға балонды жедел жеткізуге болады. Зардап шегуші балонды ұстаған бетте тетік арқылы оны жағаға жеткізесіз. Жаңа технология бүгінде қолданысқа еніп, тек оң бағасын алуда. 

М. Ақан