Құтқару кілемшесі

Құтқару кілемшесі
Фото: designyoutrust.com

Суда жүзу қызық көрінгенімен, қауіпті жағы да бар. Шетелдіктер судан келер қауіп-қатерден құтқаратын арнайы кілемше дайындапты. Кей адамдар қауіп жағдайында абдырап, сасып қалады. Егер олар суға батқан адамды көріп, не істерін білмей жатса, осы кілемше "бәрін түсіндіреді". 

Қызыл түсті кілемшеде адамды жатқызатын орынға дейін белгіленіп қойған. "Ең бірінші құтқарушыларға қоңырау шал" деген жазудан бастап бәрі жазылған. Жүрек соғысының бар-жоғын анықтап, оң не сол нәтиже білінсе, қандай әрекеттер жасауы керектігі анықтап берілген.

Г. Берік