Көздің қадірін көзілдірік таққанда білерсің

Көздің қадірін көзілдірік таққанда білерсің
Фото: look3.ru

Ғаламның дамып, техниканың жаңарған дәуірінде күн сайын жаңа заттың ойлап табылғандығы туралы жаңалықтар әлемді шарлап жатыр. Мұндай озық техникалар адамға қанша ыңғайлы болғанымен, денсаулыққа да біршама зияны бар екені жасырын емес. Соның ең біріншісі көздің көру мүмкіндігі төмендеуіне алып келеді. Әсіресе таңның атысынан, кештің батысына дейін компьютердің алдында телміріп отыратын жандар ең бірінші жанарларына жанашырлықпен қарағаны абзал. Көзілдірік тағуға ыңғайсызданып жүріп, тастамайтын халге жетпес үшін алдын алған дұрыс.

Ең бірінші, мониторыңызға жақсылап жарық бергеніңіз дұрыс. Терезеден түскен күннің сәулесі, болмаса өзге де кедергі келтіретін заттар экран бетінен көрінбегені жөн.

Екіншіден, көзіңізді демалдырып, алыс жаққа қарап, жұмып, ары бері қимылдатып жаттығулар жасағаныңыз дұрыс.  

Үшіншіден, күнге қарамаңыз. Жаз мезгілінде көптеген адам көшеде арнайы күннен қорғайтын көзілдірік кимей жүреді. Мұның барлығы көзге зиян тигізеді. 

Төртіншіден, көзіңізді көбірек ашып-жұмуға тырысыңыз. Адам компьютердің алдында отырғанда көзін көп жұмбағандықтан құрғақтыққа шалдықтыруы мүмкін.

Егер дәрігер көзілдірік киюге тапсырма берсе, орындағаныңыз дұрыс. Асықынған дерттің аяғы өкінішті болуы мүмкін.

B. ZHAQSYMBET