Дені сау жігіттің тамақтану әдебі қандай?

Дені сау жігіттің тамақтану әдебі қандай?

Сіз ер адам болған соң үнемі жақын адамдарыңызды өз қамқорлығыңызға алып, оларға қорған болып жүруге міндеттісіз. Ол үшін сізге мықты денсаулық керек. Ал мықты денсаулық орнатып тіпті өзіңіздің тап-таза сау деніңізді сақтап қалу үшін алдымен спорт және дұрыс тамақтану керек. Сонымен, нағыз ер азаматтың тамақтану әдебі қандай болу керек?

Тұзды азырақ пайдаланыңыз. Тұзды шектен тыс қабылдап, тұзы көп өнімдер мен тағамдарға ғашық болудың арты жақсылыққа әкеп соқпайды. Өнімде тұздан гөрі табиғи дәм болуына мән бергеніңіз жөн. Әрине тұзсыз тағамның дәмі кірмейді. Әйткенмен, тұзды мөлшермен ғана салып жеуге қазірден бастап дағдыланғаныңыз өзіңізге жақсы.

Химимялық қоспалар бар тағамдардан сақтаныңыз. Химияның аты – химия. Химиялық қоспалар арласқан тағамнан қорқу керек және жоламау керек.

Банкаларда сақталған балық, сиыр, жылқы еттерін жемеңіз. Олар қанша уақыт бойы дәмін жоғалтпай тұрғанымен, тағамдық нәрін жоғалтады.  Майбалық пен майшабақ толы құтыларға әуестенбеңіз. Оның үстіне, мұндай өнімдерде тұз мөлшері де көп болады. Оның орнына қуырылған балық немесе суда піскен балық жеген дұрыс. Суда піскен балық сорпасының пайдасы көл көсір.

Майонезге қатты үйреніп алмаңыз. Оның асқазанға тигізер залалы өте көп. Оның орнына тағамға табиғи қаймақ қосып жеген дұрыс. Ал сорпа суға қышқыл айран қосып ішкен пайдалы. Ал салаттарға күнбағыс майын немесе арнайы тұздық қосуға болады.

Кетчупті қызанық шырынымен алмастыруға болады. Өйткені кетчуптің де құрамында ер адамның денсаулығына жаға қоймайтын қоспалар бар. Сондықтан кетчупты кез келген уақытта томат пастасымен немесе қызанақ шырынымен алмастыруға болады. Өйткені олардың табиғилығы арнайы кетчуптармен салыстырғанда мың есе сақталады.

Қанты көп тағамдармен де жақын дос болмау керек. Құрамында қанты көп торттар, бәліштер мен басқа да кондитерлік өнімдерге аса әуес бола бермеңіз. Олардың орнына табиғилық жағынан ұтып тұратын жеміс-жидектер мен бал және басқа да табиғатынан құрамында қант кездесетін өнімдерді тұтыныңыз. Шай мен кофені сүйетін жігіттер де қантты азырақ салуға үйренуі керек.

Алкогольді ішімдіктер, біз айтпай-ақ, зиянды сусындар болып саналады. Оның жанға да, тәнге де, деннің саулығына да түк пайдасы жоқ. Егер ер азамат ішімдікке әуес болса, онда жоғарыда біз жеуге ұсынған тағамдардың бәрінің де құны көк тиын болып қалады. Ішімдікке тәуелді адамдар жалқау, қауқарсыз, ашуға берілгіш, қызба және сүйкімсіз болатыны белгілі. Сондықтан ішімдікке мүлде жоламауға өзіңізге уәде беріңіз және жоламаңыз.

Үнемі дене салмағыңызды бақылап жүріңіз. Тым арық немесе тым толық жігіттер – қыздардың идеалы емес. Артық салмақ – артық күш. Егер төсекте жатып алып ұйықтай берсеңіз немесе біздің осы тектес кеңеске толы жазбаларымызды тек оқып, оны жүзеге асыруға ерініп отыра берсеңіз жоғарыда айтылған тағамдардың бәрі бойыңызға сіңбей, тектен-текке артық салмақ жинап аласыз.

Сурет: olkate.com

Ұқсас жазба:

Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері

А. Әбілхан